» » КӘРІС ЭТНОСЫНЫҢ ЖАҢА ЖЫЛЫ АТАЛЫП ӨТТІ

КӘРІС ЭТНОСЫНЫҢ ЖАҢА ЖЫЛЫ АТАЛЫП ӨТТІ

 «Қазақстан кәрістер қауымдастығы» Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастырумен қаладағы Жасмин мейрамханасында кәріс халқының Жаңа жылы – Сольналь мерекесі тойланды.

    Салтанатты кешке облыстағы кәрістер этносы, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының және барлық этномәдени бірлестіктерінің мүшелері қатысты. Мерекеге орай жиылған қауым алдында «Қоғамдық келісім» КММ-сі директоры Уалихан Ибраев, орынбасарлары Рахима Ахметова, Асылбек Жұмабаев, «Қазақстан кәрістер қауымдастығы» Қызылорда облыстық филиалының жетекшісі Елена Ким және өзге этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері сөз сөйлеп, кәріс халқын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ, кәрістер этномәдени орталығының ардагерлері мен белсенді мүшелеріне сый сияпат көрсетілді.
    Айта кету керек, өткен жылы кәріс этносының Қазақстанда тұрғандарына 80 жыл толды. Соған сәйкес, олар татулық пен келісімде өмір сүріп келе жатқандығын атап өтті. Осыдан 80 жыл бұрын Сыр еліне Қиыр шығыстан жер аударылған корей этносының өкілдері барлық замана ауыртпалығын еңсеруге еселі еңбегімен өз үлестерін қоса білді. Олар тағдыр теперішіне ұшыраған сәтте құшағын ашып, бауырына басқан жергілікті қазақ халқымен біте қайнасып, ынтымақта өмір сүріп, әр салада еңбек етіп, ел дамуына елеулі үлесін қосып келеді.
    Ай күнтізбесі бойынша тойланатын жаңа жылдық мереке биылғы күнтізбеге сай 16-шы ақпанда тойланды. Жаңа жылда кәріс этносы басымдықты отбасыға беретін көрінеді. Олар жас буынға, өскелең ұрпаққа ата-баба салтын насихаттап, үлкендерді құрметтеуге шақыратын Жаңа жылды тек отбасымен бірге барлық жоралғыларды өз кезегімен орындады. Дәстүрге сәйкес бұл күні балалары ата-аналарына сәлем беріп, ал ата-аналары оларға Жаңа жылдық ақша сыйлады. Барлық отбасы мүшелері ханбок ұлттық киімін киді.
    Сольналь мерекесінде би де, ән де, ұлттық ойын да болды. Барлық отбасымен бірге – юннори және қазақтың лянгі тебу қозғалысты ойынына ұқсас – чегичхагиді ойнады. Ал, барабаншылардан құралған кәрістер самульнори ансамблі жиылған жұртшылықты өз өнерлерімен баурап алды.
19 ақпан 2018 ж. 1 370 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031