» » Әскери бөлімге «Қара майордың» есімі берілді

Әскери бөлімге «Қара майордың» есімі берілді

ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен Алматы қаласындағы Қарулы Күштердің әскери бөліміне полковник Борис Керімбаевтің, аты аңызға айналған «Қара майордың» есімі берілді. 


Ол - әскери қызметшілер үшін әскери парыз, ерлік пен абыройдың үлгісі. 
Борис Төкенұлы Керімбаев 1948 жылы 12 қаңтарда Алматы облысы, Прудки ауылында дүниеге келген. В. И. Ленин атындағы Ташкент жоғары командалық училищесін тәмамдаған. Офицерлік қызметін Германиядағы кеңес әскерінің құрамында мотоатқыштар вызводының командирінен бастап, Ортаазиялық әскери округте барлау ротасын, штабын, кейін мтотатқыштар батальонын басқарды. 
1981 жылы полковник Керімбаев Ауғанстанға жіберілді. Офицер Панджер шатқалында Ахмад Шах Масуд жасағына қарсы тұрды.
8 ай тұрақты атыстардан, операциялар мен рейдтерден саны жағынан басым болған қарсыласпен моджахедтердің басшысы уақытша бітімге келісуге мәжбүр болды. 1983 жылы полковник Керімбаев барлық бөлімшелерді шатқалдан алып шықты.
Командеирге «Қара майор» лақап атын жеке жасағы қойған болатын. Әскери қызметшілердің арасында дәл осы атпен сақталып қалған. 
1992 жылы денсаулық жағдайына байланысты полковник Қарулы Күштерден шықты. 
Борис Керімбаев 2019 жылы 12 ақпанда ұзақ аурудан кейін Алматы қаласында өмірден өтті. 
Офицер «Қызыл Ту», «КСРО Қарулы Күштерінде Отанға қызмет еткені үшін» (3 дәрежелі), «Айбын» (1 дәрежелі) орденімен және мерейтойлық медальдармен марапатталды.
25 қараша 2019 ж. 629 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 144

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930