Контейнер жасатылды
ЖОСАЛЫ, 11 қараша - qarmaqshy-tany.kz Жосалы кентінің әкімшілігі кент орталығының тазалығын қалыпқа түсіру мақсатында 40 дана күл-қоқыс салатын контейнерлер жасатқан болатын. Қазіргі таңда жекелеген тұрғындармен аталған контейнерлерді айына 360 теңге, жылына 4320 теңгеге жалға беру (аренда) жөнінде келісім шартқа отыруда.
Келісім шарт талабына сәйкес, жалға алушы контейнердің ақысын әр айдың 25-не дейін «Казпошта» мекемесі арқылы Жосалы кенті әкімі аппаратының есеп шотына төлеуге міндетті. Сонымен қатар, жалға алушы контейнерді бүлдірмей, сақталуын қадағалап, ұрланып кетпеуін міндетіне алып, кепілдік береді. Егер, контейнер бүлінген немесе ұрланған жағдайда «Жосалы кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 37827 теңге төлеуге міндетті.
Сондай-ақ, жеке тұлға «Қармақшы тазалығы» ЖШС мекемесімен қосымша келісім шартқа отырып, контейнерге күл-қоқыс толған жағдайда осы мекемеге хабарласу арқылы арнайы техниканың көмегімен белгіленген полигонға шығаруға болады. Байланыс телефоны 2-29-35.
Егер, контейнерді жалға алушы төлем ақысын төлей алмаған жағдайда келісім шарттан бас тартуға құқылы.
Бүгінгі күнге дейін 20 жеке тұлғамен келісім шартқа отырып, жүйелі жұмыстар жасалынып жатыр.
Жосалы кентінің әкімшілігі