» » Байқоңырдағы миллионер мектеп

Байқоңырдағы миллионер мектеп

qarmaqshy-tany.kz Өңірлік коммуникациялар қызметі Байқоңыр қаласына баспасөз турын ұйымдастырды. БАҚ өкілдері алдымен Қармақшы аудандық білім бөлімінің №277 мектеп-лецейінің жұмысымен танысты. Білім ордасы 2013 жылдың 1 ақпанында пайдалануға берілген. Ал 2015 жылдан бастап Байқоңыр қаласындағы қазақ мектептерінің Қазақстан Республикасының Білім стандарттарына көшірілген.
Қазіргі таңда мектептің материалдық-техникалық базасы толық жабдықталған. Нысанда 59 сынып бөлмесі, 3 компьютер бөлмесі, 2 спорт залы, 13 зертханалық бөлмесі, 2 оқырман залына арналған кітапхана, 640 орындық мәжіліс залы, 320 орындық асхана және 100 орындық көркемдік залы мен мұражайы орналасқан.
Биылғы оқу жылында мектепте 1283 оқушы, 61 сынып-тобы бар. Сонымен қатар, 115 мұғалім жұмыс істеуде. 
Өткен жылы Ұлттық біріңғай тест кезеңінде орташа бал 91,24 пайызды құрап, мектеп бітіруші 26 түлектің 19 -ы Ресей, Қытай, еліміздің жоғарғы оқу орындарының грант иегерлері атанған.
Сондай-ақ, биыл облыстық тамыз маслихатында "Үздік білім беру ұйымы" номинациясына ие болып, 17 млн теңге қаражат табысталған болатын. Бүгінде аталған қаражатқа химия, физика, биология, информатика, лингофан, робототехника, өзін-ззі тану, алғшқы әскери дайындық, тарих, гиография, технология кабинеттері қосымша жарақтандырылды.
04 қазан 2019 ж. 1 320 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10409)

03 маусым 2025 ж.

№40 (10408)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 865
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30