» » «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының аудандық кезеңі аяқталды

«Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының аудандық кезеңі аяқталды

Елімізде биыл алғаш рет ұйымдастырылып жатқан «Тұлпар мініп, ту алған!» республикалық байқауының аудандық кезеңі бүгін өз мәресіне жетті. Аталмыш байқау Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары аясында өткізілуде. Бүгін №250 мектепте «Qazaq Epos» қоғамдық қорының «Тұлпар мініп, ту алған!» республикалық ағарту жобасы аясында «Қобыланды батыр» жырын жатқа айтудан аудандық іріктеу кезеңі өтті. Батырлар жырын жаттап, бақ сынағандардың қарасы қалың. Аудан мектептері бойынша 300-ге жуық оқушы байқауға қатысты. Жырға жаны құмар оқушылар «Қобыланды батыр» жырының Марабай жырау нұсқасын жатқа, мәнерлеп, нақышына келтіре айтып шығуы керек. Сайыста оқушылардың жырды жатқа айтқа айту барысында кідірмей, мүдірмей оқуы, жырды толық жаттауы ескерілді.
Сайыста жырды толық жаттаған 3 оқушы болды. Атап айтар болсақ, №109 мектептің 11 сынып оқушысы Гүлсіңай Кенжебек, №272 мектептің 7 сынып оқушысы Даяна Толыбаева мен осы мектептің 10 сынып оқушысы Гүлнұр Қалмырза. Олар жырдан қойылған үзінділерге мүдірмей жауап берді.
ІІ кезеңге жырдың 100 бетін жаттаған 8 оқушы өтті. Оларға 3 мүмкіндік беріліп, жырдың кез-келген тұсынан үзінділер сұралды. Сайыс нәтижесі бойынша І орынды №272 мектеп оқушысы Гүлнұр Қалмырза қанжығасына байласа, ІІ орынды Даяна Толыбаева иеленді. Жетекшілері Мереке Қайнарова. Ал ІІІ орынды №277 меткептің оқушысы Айжан Әбілбек еншіледі.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
20 қыркүйек 2019 ж. 1 892 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

№87 (10352)

02 қараша 2024 ж.

№86 (10351)

29 қазан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 922

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930