» » Сырлытам кесенесі

Сырлытам кесенесі

Сырлытам Қармақшы ауданына қарасты Көмекбаев елді мекенінің Кекірелі бөлімшесінен 16 шақырым шалғайында орналасқан. Күмбез шатырлы, кесене күйген кірпіштен тұрғызылған. Күмбез екі қабатты, ішкі беті жартылай спиральді етіліп, оның іші өрнектелген. Сыртқы күмбез негізінен ішкі күмбезге бекітілген. Кесененің оңтүстік және терістік жағынан жасалған екі есігі бар. Негізгі оңтүстігіндегі есік босағасының маңдайшасы шығыс елінің дәстүрімен доғаланып қаланған. Доғалы маңдайша әдетте араб архитектурасына тән. Тіремесі бар маңдайшаға қарағанда мұндай тәсіл сәулет өнері үшін шын мәнінде прогресс болып есептеледі. Тек қана, мұндағы бір кемшілік, қалау барысындағы барлық салмақ маңдайшаға ғана түседі. Алайда, бұл ақау тастан қашалған қалауларда кездеспейді. Керісінше қашалған тастан қаланған маңдайшалар оңай байланысып, ұялы күмбездің берік те кең болуына мүмкіндік береді.


Шығысқа Ислам дінінің келуіне байланысты сәулет өнері жаңа бет­бұрыс жасады. Құрылысқа геомет­риялық өрнектер, қошқар мүйіз, түр­лі өсімдіктер бейнелері, кеспе-қима өрнектер, түрлі-түсті малта тастардан қаланған әшекейлер, түрлі плиталармен көмкеру ене бастады. Сөйтіп, құрылысшылардың түрлі түске және көлеңке бояуларға ден қоюы, жауын- шашынға мұқалмайтын шыны бояуының тууына себепкер болды.
Құрылыс күмбезінен ара қашық­тығы бірдей етіліп шағын терезелер шығарылған. Оның да маңдайшасы жартылай шеңбер етіп ойылған. Бұл стиль кейінгі ұрпаққа әсерін тигізбей қойған жоқ. Көрші қыстаулардан қабырғадан есік, терезе шығаруда Сыр­лытамға еліктеу байқалады.
1962 жылы Ресей ғалымы С.Тол­стовтың басқаруымен археология-эт­но­графиялық Хорезм экспедиция­сы Сыр­лытам кесенесін зерттеді. 1971-1976 жылдары КСРО мәдениет ми­нис­тр­лігінің экспедициясы кесенені қайта зерттеді.
Дәл осы ескерткішке қатысты Ә.Қо­ңыратбаевтың «Сыр бойында – Сырлы­там» ат­ты мақаласы жарық көрген. Он­да мазардың жаңа бір қырынан тү­сірілген суреті берілген. Ғалымның қол­жазбалар қоры арасында Сыр­лы­там­ның айнала түсірілген су­рет­тері де бар.
1973-1974 жылдары Ә.Қоңырат­баев мазарда екі рет болып, оның архетиктуралық құрлысы, ішкі-тысқы көріністерімен толық танысқан.
Белгілі тарихшы В.Каллаурдың тапсыруы бойынша 1900 жылдың қараша айында Тілепберген Жылқыбаев дейтін қорықшы Сырлытамды қарап, ондағы көне құрылыс іздері мен мазардың жобасын жасаған. Оны мазар ішіндегі жазбамен қоса Каллаурға берген.
Өзінің «Развиланы «Сырлытам» в Перовском уезде» атты мақа­ла­сын­да Каллаур қаланың орны мен құ­рылысына қатысты бірқатар қы­зықты деректер келтірген. Қор­ғанның шығысында 400 қадамдай жерде өзеннің кеуіп қалған арнасы көрініп жатқан. Сырлытамның ішіндегі жазуында Каллаурдың айтуынша, мазардың салынған мерзімі көрсетілген. Ол – Хижраның 678 (1279) жылы, яғни Жошы жорығынан кейінгі дәуір. Олай болғанда Сырлытам маз­а­ры оның жанындағы қала қираған соң барып салынған болады. Бірақ, Сырлытам әлі күнге сыры ашылмаған күйі жазық далада мү­лгіп тұр.
Баршагүл САХИЕВА.
04 желтоқсан 2018 ж. 4 118 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 000

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031