» » Мысырда 2500 жылдық көне ғибадатхананың қалдықтары табылды

Мысырда 2500 жылдық көне ғибадатхананың қалдықтары табылды

Мысырдағы Бахария оазисінде археологтар шамамен 2500 жыл бұрын салынған ежелгі ғибадатхана кешенінің қалдықтарын анықтады. Бұл тарихи нысан Әл-Қаср Әл-Қадим қасиетті аймағында орналасқан және ол Мысырдың 26-әулеті дәуіріне жатады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазба жұмыстары барысында мамандар құмтастан тұрғызылған 16 бағаналы үлкен залды және оған жалғасқан бірнеше бөлмені тапты. Сонымен қатар, перғауын І Псамтиктің атақтары жазылған тас блоктар мен ежелгі құдайлар Амон-Ра, Амунет және Хонсуға қатысты иероглифтер анықталды.
Археологтар бұдан бөлек ІІ Аменхотеп кезеңіне тиесілі стеланы және ІІ Рамсес заманынан қалған бірқатар құнды жәдігерлерді тапқан. Зерттеушілердің айтуынша, ғибадатхана құрылысы І Псамтиктің тұсында басталып, кейін оның мұрагерлері тарапынан аяқталған.

Жаңа табылған деректер Бахария оазисінің ежелгі Мысыр дәуірінде маңызды әкімшілік әрі діни орталық болғанын тағы бір мәрте дәлелдеп отыр. Бұл жаңалық көне өркениеттің тарихын тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді.
21 маусым 2026 ж. 187 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 000
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 230

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031