» » Неолит дәуіріндегі ескерткіштер табылды

Неолит дәуіріндегі ескерткіштер табылды

Сардиния аралындағы Бонорва қаласы маңындағы Сант-Андреа-Приу археологиялық кешенінен археологтар Домус-де-Янас деп аталатын үш жаңа жер асты қабірін тапты. Бұл – шамамен б.з.д. V-III мыңжылдықтар аралығында өмір сүрген неолит дәуіріндегі қауымдардың жартасқа үңгіп жасаған ерекше жерлеу орындары. 

Жергілікті халық оларды «перілердің үйі» деп атайды. Қабірлердің ішкі құрылымы ежелгі тұрғындардың наным-сеніміне сай жасалған – оларда адамдардың күнделікті үйлеріне ұқсас бөлмелер, ошақ орындары мен рәсім белгілері кездеседі. Жаңа қабірлер бұрыннан белгілі XII және XIII қабірлердің арасындағы жер бедерін зерттеу кезінде табылған.
Бірінші табылған XVIII қабірдің кіреберісі дромос – яғни ұзын дәліз арқылы жасалған. Ішінен тас құралдар, соның ішінде күрек, шағын нефрит балта, ұршық басы және жанартаулық шыны, обсидиан сынықтары табылды. Бұл қабір бірнеше бөлмеден тұрады. Кіреберісінде ортасына ошақ қойылған, қабырғалары өрнекпен әшекейленген, ал негізгі залы тіктөртбұрышты. Сол жағынан ашылатын шағын қосалқы бөлме де бар. Ғалымдар бұл орын тек жерлеу үшін емес, тірілер мен аруақтар арасындағы байланысты сақтайтын рәсім өткізу кеңістігі болған деп есептейді.
XIX-қабір шағын әрі қарапайым, ішінен дөңгелек ниша ашылған. Мұнда археологтар керамика мен обсидиан фрагменттерін, соның ішінде өте кішкентай вазаны тапқан. Ол жерлеу салтында қолданылған болуы мүмкін.
Ең күрделі құрылым XX-қабірге тиесілі. Оның кіреберісінен екі жаққа тармақталып, жеті бөлмеге жалғасатын өтпелі жолдар жасалған. Бір қабырғасы түрлі-түсті бояулы жолақтармен безендірілген. Бұл – Сант-Андреа-Приу кешеніндегі осы күнге дейін табылған ең көне қабырға суреттерінің бірі. Сонымен қатар, осы қабірден рим дәуіріне жататын 30-дан астам қыш ыдыс табылғандықтан, археологтар оны «Рим вазаларының қабірі» деп атап отыр.


Айта кету керек, Сант-Андреа-Приу 2025 жылғы шілде айында ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Сардиниядағы 17 Домус-де-Янас некрополінің бірі.

egemen.kz



02 тамыз 2025 ж. 182 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 203
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 76

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031