» » ҚОРҚЫТТАН ҚАЛҒАН ҚОЛТАҢБА

ҚОРҚЫТТАН ҚАЛҒАН ҚОЛТАҢБА

«Таң-Шолпан» журналына Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері Әзірбек Ілиясбекұлы «Қарақұм» экспедициясы деректері бойынша жазылған осы өңірдегі көне қоныстар мен тарихи жер-суға байланысты мақаласын жолдаған болатын. Сол мақалаға қоса бірнеше фото жіберіпті. Соның ішінде бетіне әлдебір таңба салынған тасқа назарым ауды. Анықтап қарасам, Күлтегін ескерткіш тасындағы жазуға ұқсас төрт таңба тұр. Оңнан солға қарай оқығанда алғашқы екі таңба анық емес, бірақ бұл таңба көзіме оттай басылды.
Осыдан соң-ақ алдыңғы екі таңбаның не таңба екенін ұға қойдым. Алайда төрт таңбаның бәрін қосып оқығанда –«Теңірі» (Теңр – болып жазылады) деген сөз шығады. Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк тас романдарында да дәл осылай жазылған.
Бұл тасты Әзірбек 2023 жылы тапқан. Бірақ тас бетіндегі таңбаның не таңба екенін түсінбеген, кейін білетін адамдар табылып қалар деген оймен фотоға тартып алыпты. Ол тас әлі де таудың басында дейді. Тұтас тастың жер бетіне шығып жатқан ұшы ғана екен. Тастың жер астындағы бөлігінде басқа да жазулар болуы мүмкін.
Қайран қаларлық жағдай. Сонау Моңғолияның Орхон өзені мен шалғайдағы Сырдарияға дейінгі (одан да әрі болуы мүмкін) ұлан-ғайыр аумақта өмір сүрген түркі бабаларымыз Тәңірі (Теңірі) сөзін жердің кеңдігіне қарамастан еш қатесіз жазуды біліпті. Бұл көне түркі жазуына байланысты соншалақ сауаттылықтың дәлелі.
Сонан соң Әзірбекке хабарласып, бұл тас қай жерде тұрғанын сұрап, білдім. Тарғыл таудың ұшар басында деді. Тарғыл тауы аудан орталығы Жосалының солтүстік бағытында, шамамен жүз шақырым жерде. Аудан аумағының ең биік жері. 160 метр деп жазған энциклопедияда.
Ал осы Тарғыл тауы тағы бір деректі еске түсіреді. Ол Қорқыт бабамыздың «Тарғыл тана» күйіне байланысты.
Ел-жұрт аузында мынадай аңыз бар.
Қорқыт желмаясымен ел аралап келе жатса, бір тарғыл тана елге ұстатпай қашып жүр екен. Қашанда елдің қамын қамдайтын ұлы бақсы (бақшы) желмаясын тебініп, қуа жөнеліпті. Тарғыл тана желмаяға да жеткізбепті. Бір жерлерге келгенде тананың өкпесі өшіп құлап, тасқа айналыпты, мынау Тарғыл тау сол тасқа айналған тана екен дейді ел. Сол жерде Қорқыт «Тарғыл тана» күйін тартқан көрінеді.
Негізі «Қорқыт мәңгілік өмірді іздепті, ажалдан қашып дүниенің төрт бұрышын түгел шарлапты, бірақ қайда барса да, алдынан көр қазып жатқандар кездеседі екен, сосын дарияның бетіне кілем жайып, сол жерде қобызын тартып отыратын болыпты» деп келетін ғажайып әңгімелердің барлығы елжұрттың ой-қиялынан құпиясы жасырылып айтылған көркем туындылар. Мұның барлығы Қорқыттың басынан өткен өмірі екен деуге болмайды. Мысалы «Қайда барса да, алдынан көр қазғандар кездеседі» дегені Қорқыт қабылдамаған ислам дінінің алды-артын орап, жайылып бара жатқанын білдіреді.
Бір анығы Қорқыттың осы Тарғыл тауда болғаны. Мүмкін сол жерлерді жайлаған да шығар. Айтайын дегенім, таудың басына оңашаны сүйетін бақшы болмаса, былайғы ел шыға бермейтіні анық. Демек ана жазуды Қорқыттың өзі жазуы мүмкін. Өйткені Қорқыт сияқты ұлы абыз, ұлы бақшы болмаса, жұрттың бәрі қазіргідей жазуды білмейді ғой.
Нұрлыбек САМАТҰЛЫ,
пішікші (жазушы), республикалық «Таң-Шолпан» әдеби-көркем,
көпшілік журналының бас редакторы
31 қазан 2025 ж. 141 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

№81 (10449)

25 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 771
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 500

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930