Аюжарма



«Жалпақ жұртыңды, исі алашыңды білгің келсе, өзің тұрған мекеннің табиғатын, адамдарын,
тұрмыс-тіршілігін танудан бастау керек».
Н.Назарбаев
Сыр Елі – тарихи тағдырлардың тоғысқан мекені. Әр сәттің әр қадамы бір тарих болып қалатыны анық. Ел экономикасын дамытуда, халықтың әл-ауқатын жақсартуда күрделі құ­ры­лыстың да алатын орны ерекше. Сыр бойында мелиорация, суландыру бағытындағы құрылыс жұмыстары негізінен 1930 жылдары басталды. Облыс бойынша 1934 жылы «Қызыл жарма» каналының құрылысы аяқталып, 897 гектар егістік жерге су жеткізілді. 1935 жылы Сырдария каналы іске қосылып, 2343 гектар жерді көлдетіп суару қамтамасыз етілді. 1937 жылы Қарөзек бойында «Керкелмес» каналы, Тереңөзек, Жалағаш аудандарында да жаңа каналдар қазылып, ел егін егіп еңсесін көтерген. 1937 жылы «Шіркейлі» каналы қазылды. «Шіркейлі» каналы «Сталин» каналына қосылды. Содан кейін 1940 жылы «Шиелі» каналын қазу жұмысы жүргізілді. Біздің ұжшарда 80 адам қатысқан. Жергілікті Төменарық түбегінде «Шиелі» каналын қазуға Зылиха Жүсіпова әжеміз  қатысып, облыстық ауыспалы «Қызыл ту» және «Зингер» тігін мәшинесін бәйгеге алған. Бұл бүкіл облыс халқы қатысқан үлкен құрылыс болды. 1940 жылы 45 күнде ұзындығы 107 шақырым болатын  ол канал арқылы 16,8 гектар жерді суландыру мүмкіндігі болған. Осындай берекелі жұмыстың ізі бұрынғы Ақтайлақ атанған қазіргі Тұрмағамбет ауылында да жалғасын тапты. Оған дәлел – әлі күнге маңызын жоймаған «Аю жармасы».
Үш Құлыстың кішісі Аю атанған. Әйтпенбет бастап жарма қаздырып, егін ектірген. Әйтпенбет бұл елге 1850 жы­лы көшіп келген екен. Одан кейін Аюлар 1910 жылдары Ақтайлаққа көшіп келді. Елге тұрақтап, содан 1935 жылы күзді күні Аюжармасын қаздырды. «Түпбөгет» ұжшарынан 40 адам, басқа да ауылдардан 80 адам осы жарманы қазу жұмысына қатысты. Бұл жарманы қазу жұмысы бір жылға созылды. Жарманы «Таң» кеңшарынан бастап Ақжардың «Қарабөгет» деген жеріне дейін қазады. 1935 жылы Аққозы Ызбанов Қарабөгеттен бастап қаздырды. Ел жұрт 1935-1936 жылы егін егіп, елде молшылық болып, сол жерге орныққан екен. Аюжарманың табаны – 20 метр, тереңдігі – 2 метр. Көлденең беті – 30 метр.
«Атақты Аюжарма қалқаманы,
Суы мол теңізбен тең аққан селі.
Шырпылы ой, Жетіасардың
жері қандай,
Қоп-қоңыр қара топырақ, көң төккендей» деп жауынгер ақын Нұрмағамбет Жаңаевтың өлеңі жарманың табиғатын, ел-халыққа ырыздық сыйлаған жер екенін паш етіп тұр. Халыққа қадірлі, зор дауыс­ты Әйтпенбет келе жатқанда «Аю келеді, тұрыңдар!» дейді екен. Содан бастап Әйтпенбет Аю атанып кетеді. Осындай қолмен жасалған зор еңбек бүгінгі ұрпаққа үлгі болып қалуға тиісті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы арқылы сананың жаңғыруына, өз еліңді, өз жеріңді тану маңызды болмақ. Тұрмағамбет атамыздың «Қайратты туған ер болсаң, қамын ойла халқыңның» деген ұлағатында қаншама мағына жатыр. Міне ел-халықтың қамын ойлаған даңқты ата-бабаларымыздың ерлігі бүгінгі ұрпаққа үлгі болып, халық игілігіне жарауда. Сондықтан «Ер болсаң елің үшін ет қызмет!» деген баба сөзін жадымызға тоқи жүргеніміз дұрыс.
Зарипа ТАСЫМОВА
13 шілде 2021 ж. 607 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 996

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031