АЯҚСУДАН ТАПШЫЛЫҚ ЖОҚ
Бұл күнде бау да, бақша да жемісін беріп жатыр. Бұрынғыдай шарықтап тұрған баға бірқалыпқа түскен. Себебі базар мен дүкен сөресіндегі жеміс-жидек көбейіп, қоспасызтабиғи өнім саны артып келеді. Тұрғындардың дені «Қораның қияры мен қызанағы пісті» деп алғашқысының дәмін татып үлгерді.
Әрине, бақшадағы дақылға де күтім керек. Уақытылы суарып, баптап, арамшөбін жұлып отырса жемісін төгіп береді. Аудандағы аяқ су беру ерте көктемнен басталған. Кентте 74 шақырым арық бар. Оның негізгісі 32 шақырым болса, 42 шақырымы көшеаралық арықтан құралған. Бүгінде кенттің барлық көшесіне су жіберілуде.
Биыл кентті аяқ сумен қамтамасыз етуге және аяқ су арықтарын қазу жұмысына жергілікті бюджеттен 7 млн теңгеден аса қаржы бөлінген. Бұл жұмыспен «Қармақшы тазалығы» ЖШС айналысады. Кенттегі Шығыс, Амангелді, Рысқұлов, Мұратбаев, Батыс каналы секілді бес бағыт бойынша кестеге сәйкес су жіберіледі. Айталық, дүйсенбі мен сейсенбіде Амангелді көшесіндегі мотор, сәрсенбі мен бейсенбіде Рысқұлов пен Мұратбаев көшесіндегі мотор қосылса, жұмада Батыс каналы, ал дүйсенбіден жұмаға дейін Шығыс каналы арқылы су айдалуда. Шығыс каналы электр насосымен жабдықталса, қалған каналға жанар-жағар май насосымен жұмыс істейді.
– Апта сайын арықтарды тазалау жұмысы жүйелі жүргізілуде. Мұнан бөлек тозығы жеткен темір құбырын ауыстырып отырамыз. Кент көшелеріне аяқ су уақытылы берілуде, – дейді «Қармақшы тазалығы» ЖШС шебері Айбек Омаров.
– Бақшаға аптасына екі күн аяқ су келеді. Көктемнен бері су уақытылы келіп тұр. Соның арқасында бақшаны мезгілінде суарып, күтім жасап отырмыз. Қазір соның жемісін жеп отырған жайымыз бар, – дейді кент тұрғыны Талғат Ахметұлы.
Ақнұр САҒЫНТАЙ