Қазақстан – соғыс жылдарында
Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 75 жыл өтті. Бұл – сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділігін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шебінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты қыщдарымыз – өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы Жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқанына, жақын-жаранына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.
Бұл мейрамды бұрынғы Кеңес одағына кірген 15 одақтас республика халқымен бірге, кеңес халқы неміс басқыншыларынан азат еткен Еуропа елдерінің Варшава мен Прага, Будапешт пен Бухарестің, София мен Белградтың, Париж бен Венаның, жер шарының басқа да көптеген қалаларының тұрғындары тойлайды.
Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен Отаны, келешек ұрпағы үшін жанқилы соғыс жүріп жатты.
Бір күшке жиналған қазақ, орыс пен тәжік, грузин мен белорус, украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды.
Сол кездегі Кеңес одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Мәскеу мен Ленинград үшін болған ұрыстарда батыр ерліктер көрсетті. Украина, Кавказ, Белоруссия, Қырым, Прибалтиканы азат етті. Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Болгария, Германия жеріндегі майдан жолдарында жеңіс туын көтеріп өтті. Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірде-бір үлкен шайқас болмады.
Қазақ ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген жауынгер халық болған. Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу деген сезімді жүрегінен жұлып алып тастаған. Тіпті арыға бармай-ақ кешегі Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді.
Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500-ден аса жерлесіміз, оның ішінде 96 қазақ Кеңес одағының Батыры атағын алды. Солардың бірі – жерлесіміз, Тәйімбет Көмекбаев. Жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Сол жылдары Қазақстан миллиондаған босқындарды өз бауырына аналық мейірімімен тартушы, эвакуацияланған зауыт пен фабрикаларға, майданға керекті оқ-дәрі мен азық-түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды. Кеңес үкіметі тұсында негізі қаланыптуған жер төсінде талай ұлттың басын қосқан дүниежүзіне геологиялық өз өнімдерін таратқан, Ұлы Отан соғыс жылдарында тынбастан күні-түні еңбек етіп, майданды қару-жарақтың бір түрі – снарядпен қамтамасыз еткен Жосалы механикалық зауытының да қосқан үлесі зор.
Қазақстан майданға қорғасынның 85 пайызын, мыстың 30 пайызын, көмір мен мұнайдың барлығын өндірді. Сол ауыр жылдарда еліміз майданға 6 миллион тонна бидай, 797 мың тонна ет, 150 мың мініс жылқысын берді. Сондай ақ, республикамыз 4 миллиард сом ақша жинап, әскери техника мен қару-жарақтар сатып әперді.
Сұрапыл сұм соғыстың тартқызған азабы мен шеккізген қасіреті тарих толқынында тізбектеліп тұр. Республиканың әрбір төртінші тұрғыны әскерге немесе еңбек майданына шақырылды. Біздің әрбір екінші отандасымыз сұм соғыстан оралмады. Соғыс жылдарында Кеңес Әскерінің қатарына шақырылған 1 милион 200 мыңнан аса қазақстандықтың сапында біздің ауданымыздан 5000-ға жуық жауынгер соғысқа аттанды. Олардың 2507-сі хабарсыз кетсе, 1205-і соғыстан аман-есен елге оралып, бейбіт заманның еңбек ерлеріне айналды. От пен оқтың ортасында жүрсе де Отанға деген махаббат оларды жеңіске жетеледі, жерлестеріміздің асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Ұлы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды.
Қазақстандықтар қанішер жаумен қасық қанын аямай осылай шайқасты. Олардың бәрін ортақ іске, жеңіске, отанына деген сезім біріктірді. Дүниежүзін шарпыған жиһандық соғыс қазақ халқының батыр ұлт екенін баршаға мәлімдеді. «Правда» газетінің бетінде 1941 жылы қазан айында «Қазақтар» деген мақала жарияланды. Бұл Мәскеуді қорғаған 8-гвардиялық Панфилов атындағы дивизия туралы еді. Осы бір жеңіс күндері көрнекті кеңес жазушысы И.Эренбургтың 1942 жылы жазған «Қазақтар» деген мақаласында: «Бір фриц маған: «Біз жойқын күші бар қаһарман солдаттармен беттестік, оларды алған бетінен тіпті ешқандай оқ та, өрт те тоқтата алмады. Олар тура бізге қарай дауылдай дүркіреп жүгіріп келе жатты. Мен бұлардың қазақ деген халық екенін естідім. Бұрын мұндай халық бар екенін естімеп едім...» деді. Фрицтер көп нәрсені білмеуші еді. Оларға Ресейдің үлкен екенін ғана айтып, ал ол елде көптеген халық тұратынын айтпаған. Шығыстың кең даласында ежелден қыстың қақаған аязы мен жаздың аптап ыстығына көндіккен ержүрек адамдар тұрады. Бұл елдің ақындары Қазақстанның даңқты батырлары жайлы сыр шертеді. Ал бұл елдің батырлары ең алдымен арын ардақтаған.
Далада салт атпен жүруге үйренген қазақ. Егер қажет болса еңбектей де алады, жүгіреді де, таулы жерде шыңға қарай өрмелейді де, батпақ болса белуардан саз кешіп те жүре береді. Әйтеуір, қазақтарды ешнәрсе тоқтата алмайды... Қазақтар орыстармен қатар тұрып ұрыс салуда. Біз бірге қайғы кештік, бірге жаумен шайқасып жүрміз, жеңістің алғашқы таңын да бірге қарсы алып, бірге қуанатын боламыз!» деп жазды.
Белгілі ағылшын тарихшысы Александр Верт өзінің «Ресей 1941-1945 жылдағы соғыста» деген кітабында: «Қызыл Армияның табанды солдаттарының бірі қазақтар болды, тұтас алғанда қазақтар бүкіл соғыс бойында өздерін жақсы жағынан таныта білді. Тіпті Сталинградтың өзінде ең өжет солдаттар қатарында қазақтар тұрды» дегенді айтады.
От кешіп, қан жұтқан сол бір жылдар барған сайын бізден алыстауда. Майдан мен тылдың аты аңызға айналған ерлері барған сайын азая түсуде. Бірақ олар жасаған Ұлы ерлік ешқашан ұмытылмақ емес.
Тимур ЛЕДЕНЁВ,
аудандық тарихи-өлкетану музейінің
ғылыми қызметкері