» » Әбілқайыр ханның Елизавета патшайымға не жазғаны белгілі болды

Әбілқайыр ханның Елизавета патшайымға не жазғаны белгілі болды

qarmaqshy-tany.kz Құжаттың түпнұсқасы осы күнге дейін Орынбордағы мемлекеттік мұрағатта сақталған, өтініш көне славян тілінде жазылған, деп хабарлады КТК.
Әбілқайыр ханның Елизавета патшайымға жолдаған хаты табылды. Онда қазақтар үшін қала салу жөнінде ұсыныс айтылған.
Хат осыдан үш ғасыр бұрын жазылған. Әбілқайыр хан өтінішін Орынбор генерал-губернаторы арқылы жолдапты. Құжаттың түпнұсқасы осы күнге дейін Орынбордағы мемлекеттік мұрағатта сақталған. Ақтөбелік мамандар оның көшірмесін алып, зерттеп жатыр.
Қазір ең алдымен хат мәтінін аудару керек. Себебі, екі жүз беттен тұратын өтініш көне славян тілінде жазылыпты. Хан хатында шаһар салудан басқа ұлы Ералы туралы да айтады.
Сондай-ақ, ханның ұсынысын патшайым да қолдаған сияқты. Қазір Әбілқайырдың айтуымен нақты қай қаланың бой көтергені белгісіз. Мамандар Ор немесе Орынбор болуы мүмкін деген болжам айтады.
«Біздің пайымдауымызша, Әбілқайыр ханның қала сұрауы Орск немесе қазіргі Орынбор қаласындағы Берск қамалы орнына салынған Берск қалашығы деген ойымыз бар. Құжат болғандықтан, оны әлі зерттеу керек», — дейді Ақтөбе облыстық архивінің ғылыми қызметкері Нұрлан Есетов.


04 қазан 2019 ж. 1 125 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 339
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 201

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728