» » Лавр жапырағының адам денсаулығына пайдасы

Лавр жапырағының адам денсаулығына пайдасы

Лавр жапырағы бәріміздің де ас үйімізде бар. Оны көбіне қуырылған және бұқтырылған ет, сорпа секілді тағамдарға қосамыз. Алайда бұл жапырақтың халық медицинасында көп қолданатынын біріміз білсек, енді біріміз білмеуіміз мүмкін. Оның құрамындағы эфир майы, органикалық қышқылдар қабынуға қарсы әсер етеді. Лавр жапырағы субтропикалық климатта күн сәулесінен энергия алып өседі. Сол себепті оның адам ағзасына пайдасы көп. Енді біз көптеген дәрі-дәрмектің орнын қарапайым жапырақтың баса алатынын білеміз. Лавр жапырағы төмендегідей аурулардың алдын алуға көмектеседі.
Диабет кезінде.
Лавр жапырағының көмегімен қаныңыздағы қант мөлшерін төмендете аласыз. Ол үшін термосқа 10 жапырақ салып, 3 стақан қайнаған су құйыңыз. Тұнба 3 сағаттан кейін дайын болады. Бұл емдік сусынды күніне 3 рет тамақ жерден жарты сағат бұрын ішіңіз. Емделу курсы - 2 апта.

Арықтағыңыз келсе.
5-6 жапырақты ұсақтап турап, 1 стақан салқын су құйып, бір түнге қалдырыңыз. Таңертең лавр суын 15 минуттай қайнатып, қақпақтың астында тағы 30 минут сақтаңыз. Қайнатпаны күніне 3 рет ішіңіз. Емделу курсы - бір жеті. Одан кейін міндетті түрде 2 аптадай үзіліс жасауыңыз керек. Сусын дәмді болу үшін бал, жаңғақ, даршын, жанжабіл, кардамон қосып ішуіңізге болады.

Ауыз қуысы ауруларына қарсы.
Егер аузыңыздан жағымсыз иістер шықса, сіздің қызыл иегіңіз ісінсе, қанжел, стоматит, гингивит секілді ауруларға ұшыраған болуыңыз мүмкін. Олардың алдын алу үшін тамақ арасындағы үзілісте лавр жапырағын шайнаңыз. Нәтижесіне көзіңізді жеткізесіз.

Ұйқысыздыққа ұшырасаңыз.
Лавр жапырағының иісі дәрілік шүйгіншөптен кем тыныштандырмайды. Жастығыңыздың астына бірнеше лавр жапырағын салып жатсаңыз, жаңа туған нәрестедей ұйықтайсыз. Бұл әдіс балаларға да пайдалы. Мұндай хош иістен бала керемет қалың ұйқыға кетіп, түн ұйқысын мүлдем бөлмейді.

Ара шаққан кезде.
Ара шағып алған кездегі сезім бәріңізге де таныс шығар. Егер сондай жағдайға тап болсаңыз, лавр жапырағын ара шаққан жерге қойып, байлап тастаңыз. Қабыну тез арада кетеді.

Үйіңіздегі ауаны хош иістендіреді.
Лавр жапырағының құрамында эфир майы болғандықтан үйіңізді залалсыздандыратын қасиетке ие. 10-15 жапырақты алып, қайнатып, бөлмелеріңізге қойыңыз. Бірнеше минуттан кейін керемет хош иіс шығатын болады.
27 маусым 2018 ж. 13 402 1 945
Пікір қалдыру

Пікір 1 945

JeffreyNar от 21 қыркүйек 2025 04:05

Rodneybup от 21 қыркүйек 2025 04:52

JeffreyNar от 21 қыркүйек 2025 07:19

JeffreyNar от 22 қыркүйек 2025 00:37

Rodneybup от 22 қыркүйек 2025 01:30

JeffreyNar от 24 қыркүйек 2025 02:01

JeffreyNar от 24 қыркүйек 2025 05:18

Rodneybup от 24 қыркүйек 2025 05:39

JeffreyNar от 24 қыркүйек 2025 08:34

Rodneybup от 24 қыркүйек 2025 09:13

JeffreyNar от 24 қыркүйек 2025 11:53

JeffreyNar от 25 қыркүйек 2025 01:30

StevendrilM от 27 қыркүйек 2025 04:25

StevendrilM от 27 қыркүйек 2025 08:49

StevendrilM от 27 қыркүйек 2025 11:02

JordanUnush от 1 қазан 2025 02:12

JordanUnush от 1 қазан 2025 19:15

JordanUnush от 1 қазан 2025 23:38

JordanUnush от 2 қазан 2025 01:49

Michaelraw от 4 қазан 2025 04:36

Michaelraw от 4 қазан 2025 09:15

Michaelraw от 4 қазан 2025 11:35

Michaelraw от 5 қазан 2025 03:49

Michaelraw от 5 қазан 2025 08:31

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 608
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 384

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031