» » Тілге құрмет - елге құрмет

Тілге құрмет - елге құрмет

Тіл ‑ халықтың даналығы, танымы мен талғамын тауып айтатын шыншылдығын көрсететін, ғасырдан ‑ ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан баға жетпес қазынасы. Тілде ақиқатты танып білудің сан ғасырлық бай тәжірибесі жинақталған.Тіл-қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі,құдіретті!Ол әрбір адам болып туылған жанға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.Тіл байлығы-әрбір елдің ұлттық мақтанышы.
Қазақ тілі ‑ дамыған, жетілген, бай, икемді тілдің бірі.Мемлекттік тілді мемлекетіміз өмірінің барлық саласында батыл қолдану тіл заңының басты ережесі. Мемлекеттік тілді дамыту және жетілдіру біздің басты бағытымыз.
Тіл дамыту мәселесі ‑ күрделі әрі ұзақ жүргізілетін процесс, сондықтан тіл дамыту жұмысын белгілі тақырыптарға негізделе отырып, мемлекеттік қызметкерлер- ақпараттандыру, жұмыс барысында жаңа технологияларын еңгізу, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу. Бұл міндеттерді шешу үшін, әр қызметші күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа ақпараттық технологияларға, әлеуметтік, тұлғалық және жеке құзыреттіктерге ие болуы және де күнделікті әдістемелік жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыру, мемлекеттік тілде ғаламтор, телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану, мемлекеттік тілде келіп түскен өтініштер мен сұраулар бойынша сауатты шешім қабылдай және орындай алатын қазіргі заманғы мамандар даярлау үшін қазақ тілінде жүйе құрастыру негізінде жаңа мультимедиалық құралдарды қолдану, мамандардың қазақ тілінде оқу қабілетін дамыту және ақпараттандыру жағдайында біліктілігін арттыру сияқты мақсаттарға қол жеткізеді.
Қазіргі танда мемлекеттік тілді дамыту жөнінде жұмыстар жүйелі жүргізілуде.Тұңғыш Елбасымыздың «Қазақ тілі -біздің мемлекеттік тіліміз, өсіп-өркендеп келеді. 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгергендердің қатары 95 пайызға дейін жететін болады» деген тапсырмасын басшылыққа ала отырып, оны іске асыру үшін барлык, күш-жігерімізді бағыттауымыз керек.Тіл тағдыры-ел тағдыры, тілге құрмет-елге құрмет!

Қармақшы аудандық
сотының бас маман  
Р.Бисенова
25 шілде 2019 ж. 1 507 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031