» » ҚҰРМАНЫҢ ПАЙДАСЫ

ҚҰРМАНЫҢ ПАЙДАСЫ

Қасиетті Оразаға да санаулы күндер қалды. Ораза дегеніміз – Алланың разылығы үшін таңнан күн батқанға дейін ішіп-жемнен, құмарлық сезімінен тыйылу. Сондай-ақ ол белгілі бір уақытта нәпсі қалауынан бас тарту болып табылады.   Оразадағы сүннеттің бірі – құрма жеу. Құрма – Құран аяттарында көп кездесетін жеміс түрі. Иман келтіргендерге жәннатта әзірленген небір дәмді-тәтті астың ішінде құрма ерекше айтылады (Рахман сүресі, 68-аят).
Құрмада ағзаға тез сіңетін және жылдам ыдыраушы қант шырыны бар. Ол ағзаның белсенділігін арттырып, жылу күшімен қамтамасыз етеді. Құрмадағы қант шырыны ағ­зада қант құрамын мөлшерден асырушы кәдімгі қанттан, глюкозадан айырмашылығы көп. Қан құрамындағы қанттың көтерілуі бірнеше сырқаты бар жандар үшін өте қауіпті, соның ішінде қант диабеті. Қан құрамында қанттың көбеюі ішкі құрылысқа зиянын тигізеді. Ең бірінші бүйректің, көз бен жүрек бұлшық етінің жүйке талшықтарының қызметі бұзылады. Қанттың көбею нәтижесінде көру қабілетінен айрылуға, мүшелердің жан­сыздануы­на, бүйрек безі, қант диабетіне апаруы мүмкін.
Құрмада кездесетін кальций мен фосфат қаңқа мен тірек қимыл жүйесін дұрыс қалыптастыруға бірден-бір сеп. Бұл жемісті үзбей тұтыну – ағзаны сүйек сынғыштығымен, остеопороздан қорғайды. Осы ретте, ұлық Пайғамбарымыз үнемі тұтынған құрманың басқа да қасиетін білу мақсатында «Ораз ахун» мешітінің имамы Нұрболат Рахметуллаевтан сұраған едік. 
– Құрма жеу – сүннет. Пайғамбарымыз құр­маны жақсы көрген. Ол дәруменге өте бай. Мәдинада өсетін шөлге ең төзімдісі де осы – құрма ағашы. Оны қолданған жанның күші көбейіп, ойлау қабілеті жақсарады. Бірқатар ауруға шипа. Алла елшісі «Оразада ауызды егер құрма болмаса сумен ашыңдар дегенді айтқан», – дейді ол.
Жалпы құрма жүкті әйелге де жағымды әсер етеді. Құран аяты да   назарымызды құрма­ның адам баласына берер пайдасына аударады. Мысалы,  Мәриям сүресінде «Сонда оны толғақ қысып, құрма ағашының түбіне барды да: «Әттең-ай! Мен бұдан бұрын өліп қана мүлде ұмытылып кеткен болсам еді» дегенде, (Періште) оның төменгі жағынан: «Кейіме, Раббың астыңнан бір бұлақ жаратты» деп дыбыс­тады. Толғақ келгенде  Алланың бұйыртуымен салиқалы Мәриям  құрманың дәмін татты. Бұл Құрандағы әмір Илләһи даналықты меңзейді.
Ғалымдар құрманың әйел босанар кездегі пайдасы мен аяғы ауыр ана мен құрсақтағы нәрестеге де шипалы екенін анықтаған.
–  Осы аятты оқыған соң жүкті кезде құрманы үзбей жедім. Шүкір толғағым жеңіл болып, дені сау баланы құшағыма қыстым. Қазір де баламның денсаулығы жақсы. Бала көтерген аналарға құрма жеуге кеңес беремін, – дейді жас ана Сәнімкүл Самратова.
Түйін:
Құрманың өзге жеміс-жидек секілді адам ағзасына пайдасы көп. Оны жеген де арманда, жемеген де арманда. Рамазан айында ораза тұтып, өзін жат әдеттен тыйған жандардың әдетте оразасын құрмамен ашқанын қалар едік. Өйткені, құрма жүз түрлі дертпен, мың түрлі ауруға бірден-бір ем.
Айзада МҰРАТБЕКҚЫЗЫ,
«Қармақшы таңы».
04 мамыр 2019 ж. 2 577 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031