Құрылтай
» » Онкологтар обыр дертіне шалдығу қаупін күшейтетін өнімді атады

Онкологтар обыр дертіне шалдығу қаупін күшейтетін өнімді атады

АҚШ-тағы Андерсон атындағы онкологиялық орталықтың ғалымдары қантты шамадан тыс тұтыну обыр дертінің туындау қаупін арттыратынын анықтады. Бұл жөнінде Корреспондент ақпараттық порталы хабарлады. 

Ғалымдар тышқандар тобына зерттеу жүргізген. Олардың бір тобына батыс елдерде тұтынылатын мөлшерге сәйкес келетін сахароза берсе, екінші топты қантсыз крахмалды диетаға отырғызған. Нәтижесінде, бірінші топтағы кеміргіштердің қанында қант мөлшерінің жоғары болуы ісіктің тез өсуіна алып келгенін анықтаған. 

Сонымен қатар, жоғары фруктозалы жүгері шәрбаты мен асханалық қант тышқандардың өкпесінде метастаздың өсуіне себепші болғанын анықтаған. 

Мамандар обыр, диабет, семіздік пен жүрек ауруларының алдын алу үшін қантты тұтынуды шектеуге кеңес береді. 

Олар жоғары фруктозалы жүгері шәрбаты, кәмпит, балмұздақ, тосап, желе, шырын, йогурт секілді түрлі тәтті тағамдарда болуы мүмкін екенін ескеру қажеттілігін айтады. Сарапшылар, сондай-ақ, тәттінің орнына жеміс жеп, қантты сапалы балға алмастыруды ұсынады.

BAQ.KZ.

18 ақпан 2019 ж. 947 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 670
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 122

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31