» » Тері неліктен тез қартаяды?

Тері неліктен тез қартаяды?


Тері ағзаны сыртқы ортаның әсерлерінен (қысым, үйкеліс, жарылу, соққы) қорғайтын дененің сыртқы жабыны. Ұзақ сақталатын, құрамында бояулар мен қоспалар қосылған, ащы және тұзды тағамдар теріні «тоздырып», ажарын бұзады.

Тері ағзаға түскен радиоактивті заттар мен ауыр металдардан көп зардап шегеді. Бұл терінің тез қартаюына жол береді. Сондықтан А, Е, С, РР дәрумендері бар тағамдар мен жеміс-жидектер (көк шөптерден салат, сәбіз, қызанақ, қызыл жидек, бал мен көк шай) теріні құрғап кетуден сақтайды, ультракүлгін сәулесіне қарсы тұрады.

Балғын жемістерден жасалған шырындар әжім түспеуге көмектеседі. Ал бет терісі босаса Н дәрумені бар тағамдарды (жаңғақ, жұмыртқаның сарысы, бауыр, сүт) пайдаланған жөн.

Теріге түскен жарақат тез жазылмайтын болса, онда сіздің ағзаңызға ақуыз жетіспейді. Ақуыз балық, тауық және үндік еті, үй жағдайында дайындалған ірімшіктерде көп болады. Ол ағзадағы жасушаларды жаңартатын аминқышқылға бай келеді.

Дұрыс тамақтанбау, ішімдікті көп ішу, сондай-ақ психологиялық күйзеліс те терінің ерте қартаюының негізгі себебі болып табылады.  

07 ақпан 2019 ж. 1 413 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 828
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 515

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930