» » Қартаюға қарсы тағамдар

Қартаюға қарсы тағамдар

Қарттық бәрімізді күтіп тұрғанымен, одан қорқып қартайғысы келмейтіндер бар. Тіпті сол үшін пышақ астына түсіп, әжімінен айыққанымен, уақыт өз дегенін алмай қоймайды. Сондықтан ағзамызға қажетті табиғи өнімдерді ғана тұтынып, ауырмай, картаймай жүруге болады. Сәбіз Сәбізді тағамға үнемі қолданатындар жас көрінетіні дәлелденген. Себебі, сәбіздің құрамында каротин бар. Мұндай табиғи бояу терінің түсін жасартады. Сұлулықпен қоса денсаулыққа да пайдасы оразан зор. Каротин ағзада А дәруменіне айналады да қанды тазалап, ағзадағы зиянды холестерин мен токсиндерді шығарады. Цитрусты жемістер Цитрусты жемістердің барлығы С дәруменіне бай. Ол теріні балғындандыратын коллагеннің енуіне ықпал етеді. Жас келген сайын терідегі табиғи коллаген азайып, тері қартая бастайды. Ал, цитрусты жемістерді күнде жеген адамның терісінде қартаю процесі бояу жүреді. Сонымен қатар цитрустың құрамындағы биофлавоноидтер ультракүлгін сәулелерден сақтайды. Жаңғақтар Жаңғақтың барлық түрінің құқрамында ағзаға қажетті белоктар, май қышқылдары мен В, А дәрумендерінің топтамасы бар. Аталмыш құрам адамға шаршағанды басуға, жүйке жүйесін нығайтуға көмектеседі. Жаңғақты жиі жейтін адам өзін сергек сезініп, жаны тыныш болады. Алайда жаңғақтың калориясы өте жоғары. Сондықтан күніне бір уыс жаңғақ жеген дұрыс. Брокколи Ешқандай көкөніс брокколидің қартаюға қарсы қасиетіне тең келе алмайды. Оның құрамында С дәрумені мол. Дәрумен теріні әжем түсуден қорғап, иммунитетті көтереді. Сонымен қатар В дәрумен топтамасы мен фолий қышқылы қандағы холестерин деңгейін төмендетіп, жүрек пен қанайналым жүйесін қорғайды. Көкөністің құрамындағы магний жүйке жүйесін нығайтып, кальций сүйектерді қатайтады. Сондай-ақ брокколидегі «сульфорафан» деген зат ағзадағы қатерлі ісік тудырғыштарды жойып жібереді. Йогурт Йогурттағы белок терідегі коллаген тіндерін қорғап, әжім түсудің алдын алады. Сүт тағамының құрамындағы бифиқоспалар мен лактоза ішек жұмысын жақсартып, асқорытуға ықпал етеді. Сол себепті күніне 1 рет табиғи йогурт жеген дұрыс.

28 сәуір 2018 ж. 1 588 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031