» » Теріні жасартатын 5 қағида

Теріні жасартатын 5 қағида

Бет терісінің түсін жақсарту, ұсақ әжімдерді тегістеу және теріні балғын ете түсу үшін тамақтану мәзіріңізді ретке келтіру керек. Теріні жасартатын 5 қағида ұсынамыз. Жақсы нәтижеге жету үшін бұл қағидаларды қатаң сақтау қажет. 1. Қантқа жоқ деңіз. Ағзадағы қант — әжімдердің негізгі көмекшісі. Қанттан бас тартсаңыз, нәтижені бірден байқамайсыз. Себебі, бұзылған талшықтар теріден шығып, олардың орнына жаңасы шығуы керек. Сондықтан шыдамды болып, күте білсеңіз, жақсы нәтижеге қол жеткізесіз. Қанттан бас тартқан әйелдердің жақсарып, терісі жасарғанын дәлелдеген зерттеулер көптеп кездеседі. 2. Майдан толықтай бас тартпаңыз. Майлы қышқылдар терінің беткі қабатына жиналып, жасуша мембранасының қабырғасын бекітеді. Соның себебінен, теріні еркін радикалдардан қорғайтын қабат түзіледі, ылғалдылық ұсталады және терінің иілгіштігі жоғарылайды. Сондықтан майлы балық, жаңғақтар, авокадо және өсімдік майлары тамақтану мәзіріңізден орын алуы керек. 3. С дәрумені мөлшерін көбейтіңіз. Тері жастығын ұстап тұруда С дәруменінен артық ештеңе жоқ. Егер қалада тұрсаңыз, сізге С дәрумені жетіспеуі әбден мүмкін. Сондықтан, тамақтану мәзіріңізде цитрусты тағамдар мөлшерін арттырыңыз немесе С дәруменін таблетка түрінде ішіңіз. 4. Мырыш Мырыш терінің жылдам жаңаруына жауап береді. Мырыштың көмегімен тері тегістеледі, сау түске енеді және қызарулар мен безеулер кетеді. Мырыш күнжіт, асқабақ шекілдеуігінде, жержаңғақ (арахис) және күнбағыс дәнінде көптеп кездеседі. 5. Ақуыздар Егер ағзаңызда ақуыз аз болса, тері тез қартаяды. Жаңа коллаген талшықтары ақуыздан жасалады. Сондықтан ет және балық тағамдарын күніне бір рет болса да жеп тұруыңыз қажет. 

16 маусым 2018 ж. 1 523 1

JeaCold от 18 ақпан 2019 15:27
Cialis Les Effets Secondaires cialis overnight shipping from usa Vardenafil Online Pharmacy Mail Order Stendra 100mg With Free Shipping Fedex Shipping

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031