» » Таңертең жеңіл тұруға көмектесетін 7 кеңес

Таңертең жеңіл тұруға көмектесетін 7 кеңес


Дала қараңғы және суық болып тұрса да, кей адамдар ұйқылары қанып, көңілді жүреді. Ол мүмкін емес секілді көрінгенімен, бірнеше лайфхакты білу арқылы сіз де таңертең ұйқыдан оңай тұра аласыз.

1. Денсаулыққа қатысты проблемаларды шешіңіз Қажетті 7-8 сағат ұйықтасаңыз да, ұйқыңыз қанбайды ма? Онда ол ауру белгісі болуы мүмкін. Себепсіз ұйқышылдық пен шаршаңқылық – дәрігерге қаралуға итермелейтін белгілердің бірі.

2. Оятқыш уақытын ауыстырмаңыз Оятқыштың дыбысын естіген бойда бірден тұруды әдетке айналдырыңыз. Тағы 5 минут жата тұруды қойыңыз. Тағы кішкене жата тұрғыңыз келген сайын ұйқы режиміңізді бұзасыз. Ал шаршаңқылық болса ешқайда кетпейді. Егер оятқышты саған 06:50-ге қойып, бірақ ойыңызда 7:00-де тұру бар болса, одан да оятқыш уақытын бірден 7:00 ге қойыңыз. Себебі үзіліссіз ұйқы дұрыс болып саналады.

3. Оятқышты алысқа қойыңыз Оятқышты алысқа қойсаңыз, оны сөндіру үшін орныңыздан тұрып, жүру керек болады. Бұл оятқышты сөндіріп, қайтадан ұйықтап қалудан арылтады.

4. Үстелдің үстіне 1 стақан су қалдырыңыз Суды оятқышты сөндірген бойда ішіп алыңыз. Сол кезде ұйқыңыз оңай ашылады.

5. Жапқышты ашыңыз Қараңғыда ағза ұйқы гормонын бөле беретіндіктен, ояну қиынға түседі. Сондықтан, жапқышты ашыңыз, бөлме әлі де қараңғы болса, жарықты қосыңыз.

6. Айналаңызды жайлы етіңіз Көпшілік жылы көрпенің астынан шыққысы келмегендіктен, бірден тұрып кете алмайды. Сондықтан, төсектің қасына жылы жемпір мен жылы тәпішке дайындап қойыңыз.

7. Барлық маңызды кездесулерді таңертеңге қойыңыз Маңызды кездесуді немесе басқа да маңызды шаруаларды таңертеңге қойыңыз. Бұл сізге уақытында тұруға жақсы мотивация болады. Себебі ұйықтап қалсаңыз, бұл әрекетіңізбен басқа адамдардың уақытын аласыз.


06 ақпан 2019 ж. 1 421 1

JeaCold от 22 ақпан 2019 09:27
Amoxicillin 100mg Ct When Does An Amoxicillin Capsule Expire viagra Traitement Cialis 5mg Cpr 28 Alimenti Con Dapoxetina Buy Lybrel Uk

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031