» » Бөлме гүлдеріне қыста күтім жасау

Бөлме гүлдеріне қыста күтім жасау

Қыстың келуімен бөлме өсімдіктерінің көпшілігі ауырады және солады. Әр өсімдікке жекелей қарап көмектесу керек. Алайда төмен ылғалдылықтан және ауа температурасының түсуінен барлық дерлік бөлме өсімдіктері бірдей ауырады. Оларға арналған жалпы талаптар бірдей.
Қысқы күтім гүлдерді суықтан құтқарудан басталады. Қыс мезгілінде үйлердің көпшілігі жылы және жайлы болып келмейді. Оның бір себебі – өтпе жел. Ескі немесе сапасыз терезелерден үйге суық өтеді. Гүлдің жапырақтары суық терезенің әйнегіне тиіп тұрмауы керек. Егер мүмкіндік болса, жылыны жақсы көретін гүлдерді терезе алды тақтайынан басқа жарық жерде ұстаған жөн.

Егер үйіңіз суық және терезе алды тақтайынан басқа қоятын жер болмаса, гүлдің қыш құмырасын жылыту керек. Ол үшін барлық құмыраларды ұнтақталған пенопластпен толтырылған немесе араларына шүберек салынған ағаш жәшікке орналастырған жөн.

Суару
Қыста гүлдерді жаздағы секілді суарудың қажеті жоқ. Қыста жарық азайғандықтан, олардың өсуі де баяулайды. Егер үйіңіз жылы болып, гүлді көп суарсаңыз, ол бөлме гүлі ұзарады, алайда оның сабақтары өте жіңішке және жапырақтары ұсақ болып келеді. Олай болмауы үшін бөлме гүлін аптасына 1 реттен артық немесе топырағы әбден құрғағанша суармаңыз. Жиі суарғанның орнына бөлме өсімдігіне таза су шашып тұрыңыз және топырағын қопсытыңыз. Сол кезде ауа өсімдік тамырына жақсы өтеді. Кей өсімдіктер қыста суаруды қажет етпейді. Оларды суккуленттер деп атайды. Мысалы, кактус. Гүлденетін бөлме өсімдіктері қыста да суды жақсы көреді. Мұндай гүлдерді жылы сумен суарыңыз.

Ауа ылғалдылығы
Суық ауа гүлге тимейтіндей етіп, үйді уақытылы желдетіп тұру керек. Қыс мезгілінде бөлмедегі ауа ылғалдылығы қалыптыдан 2-3 есе төмен болғандықтан, бөлме өсімдіктеріне өмір сүру қиынға соғады. Үйде ауа ылғалдандырғыш құрал болғаны жөн, оның гүлдерге де адамдарға да пайдасы зор. Егер ауа ылғалдандырғыш құрал болмаса, бөлме гүліне күнде су шашып тұрыңыз. Ауа қатты құрғақ болса, бөлме гүлдерін бір-біріне жақын орналастыруды ұсынады. Сол кезде оларға айналасына ылғал микроклимат жасап алу оңайға түседі екен. Қыста бөлме гүлдеріне жиі тыңайтуға жасауға болмайды.

Жарық
Бөлме гүлдеріне қосымша жарық беру үшін олардың қасына күнде 2-3 сағатқа электрлік жарықшам қосуға болады. Қыста жарық күн азаяды. Соның себебінен қазтамақ, раушан, бегония және фуксия секілді бөлме гүлдері әлсірейді. Гүлдің жапырақтарын шаңнан әрқашан тазартып тұру керек. Таза жапырақ жарықты жақсы жұтады.

Зиянкестер
Қыста бөлме гүлдері «ұйқышыл» болып келгенмен, зиянкестер керісінше белсенді болады. Соның ішінде құрғақ ауаны жақсы көретін өрмек кене көбейеді. Зиянкестерді қарапайым душпен шаюға, жалпақ жапырақтарды сабынды ерітіндімен сүртуге және зиянкестермен күресетін арнайы жәндікжойғы алуға болады. Сонымен қатар, сарымсақ пен пиязды ұсақтап турап, оған су құйып, бірнеше сағат ұстап, одан сүзіп алынған сумен аптасына 2-3 рет гүлдерді бүркейді. Қыста үй суық болғандықтан, құмырадағы ылғал топырақ ұзаққа дейін кеуіп болмаған кезде саңырауқұлақтар пайда болуы мүмкін. Бұл жағдайда гүлді топырақ тек құрғағанда суару керек. Қызықты мақалалар:

28 қаңтар 2019 ж. 2 046 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 307

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 406

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930