21 қаңтарға арналған жұлдыз жорамал 1. ТоқтыБүгін істеген шаруаға бар ықыласыңызды саласыз. Соның арқасында қиын, әрі жауапты істі аяқтай аласыз.2. ТорпақБүгін жеке өміріңіз бен жұмысты ажыратып алу керек. Әйтпесе басыңызда ғана емес, өміріңізде де қиындықтар басталады. Жұмыста тек кәсіби істермен айналысып, үйде отбасы мүшелеріне көңіл бөліңіз.3. ЕгіздерБүгін біліміңіз бен біліктілігіңізді көрсетуге асықпаңыз. Басқаларды көп тыңдап, ақпарат жинаңыз. Зеректік серігіңіз болсын.4. ШаянБүгін қиялдаумен емес, жоспарлаумен айналысыңыз. Алдағы аптаға, айға, тіпті жылға жоспар құруға болады. Ойдағыны іске асыруға әлі ерте, бірақ жоспарлаудың өзі көп уақытты талап ететін шаруа.5. АрыстанАдамдардың сөздеріне құлақ асыңыз. Бүгін маңызды ақпаратты естіп қалуыңыз мүмкін. Соның арқасында өміріңізде өзгерістер орын алады.6. БикешБұл дүйсенбі сіз үшін күрделі болуы мүмкін. Бүгін басқалардың пікірі мен сіздің ойларыңыз бір-біріне қарама-қайшы келуі мүмкін. Сынды қабылдауға дайын болмасаңыз, ойларыңызбен бөліспеңіз.7. ТаразыБүгін күрделі таңдау жасау керек болады. Бірақ асығыстық танытпаңыз. Шешімді басқа күні де айтуға болады.8. СарышаянБүгінгі күн сіз үшін өте табысты, әрі пайдалы болады. Жаңа білімге ұмтылысыңыз болса, көп нәрсені үйренесіз. Үнемі білімді жетілдіре білу сәттіліктің кепілі.9. МергенБүгін өміріңізді өзгертудің мүмкіндігі беріледі. Көптен бері бір нәрсеге көңіліңіз толмай жүрсе, мұны өзгертудің кезі келді. Мақсаттан бас тартпай, оған жетудің жолдарын қарастыру керек.10. ТауешкіБүгін бір жағынан басқалардан оқшауланып өз ісіңізбен айналысқыңыз келеді. Екінші жағынан басқаларға кеңес беріп, көмектесуге де құлшынасыз. Дегенмен бұл күнді өзіңізге арнаған дұрыс.11. СуқұйғышБүгін ай тұтылады, ал сіз мұндай құбылыстарға өте сезімталсыз. Сол себепті өте ашушаң және сезімтал боласыз. Бұл күнді сәтті өткізу үшін өзіңізді еркелетіңіз. Бірақ міндеттеріңізді ұмытпаңыз.12. БалықтарБүгін қиял мен сезімдерді ауыздықтап, нақтылыққа ұмтылу керек. Қиялдаймын деп көп нәрсені қалт жіберуіңіз мүмкін.kaz.nur.kz Таным 21 қаңтар 2019 ж. 1 160 0