» Төртінші қаңтарға арналған жұлдыз жорамал

Төртінші қаңтарға арналған жұлдыз жорамал

Бүгін жан дүниеңізде тепе-теңдік орнату керек. Күні бойы туындаған қиындықтарға мойымай, жаман сезімдерге берілмеу керек. Дарыныңызды көрсетіп, қабілеттеріңізді сынап көру үшін таптырмайтын күн.

u-f.ru

1. Тоқты
Бүгін сезімдерге берілмей, түйсігіңізге сенім артасыз. Көптен бері көкейіңізде жүрген сауалдың жауабын табасыз. Бүгін көп жаттығу жасаудың қажеті жоқ, тіпті күшіңіз сарқылуы мүмкін. Әсіресе көзіңіз бен жүйке жүйеңізге күтім қажет.
2. Торпақ
Қандай қиындықтар болмасын ішкі тепе-теңдігіңізді сақтауға тырысыңыз. Айналадағы адамдармен жанжалдаспай, түйсігіңізге сенім артыңыз.
3. Егіздер
Ойлағаныңызды іске асырып, жетістікке жетудің мүмкіндігі туады. Сәттілік бүгін серігіңіз болады. Ең бастысы қолайлы сәтті жіберіп алмаңыз. Ол үшін мұқият болу керек.
4. Шаян
Бүгін үйренбеген істермен айналысуға тура келеді. Бірақ бұл үшін көңіліңізді түсірмеңіз, керісінше жаңа нәрсе үйренемін деп қабылдаңыз. Жайлылық аумағынан шықсаңыз, күш-жігеріңіз артып, көп іс тындыра аласыз.
5. Арыстан
Бүгін өзіңізді еркін ұстау керек. Айтарлықтай оқиғалар болмайтындықтан уақытты ішкі сезімдеріңізді түсінуге және айналадағы кеңістікті ретке келтіруге арнаңыз. Ал бүгін оқу орнында болсаңыз, сіз үшін тіпті өте пайдалы күн болады.
6. Бикеш
Бүгін күш-қуатыңыз сарқылады. Әрине, таңертең кофе ішіп, жүгіріп, салқын сумен жуынуға болады, бірақ оның әсері ұзаққа бара қоймайды. Одан да шамаңызға қарай жұмыс істеген жөн. Мүмкіндік болса, ешқайда бармай, ұйқыңызды қандырған абзал.
7. Таразы
Бүгін ақпарат алуда қиындықтар туындауы мүмкін. Біреулер әдейі сізге қажетті ақпаратты айтпай, өз мүддесіне пайдалануы мүмкін. Дегенмен табандылық танытып, қажеттіні білу үшін тырмыссаңыз, мақсатыңызға міндетті түрде жетесіз.
8. Сарышаян
Бүгін сізге жақсы ұсыныс жасалады. Бірақ асықпай, анық-қанығын біліп барып, келісім берген жөн. Ойлануға біраз уақыт сұрасаңыз дұрыс болады.
9. Мерген
Бүгін ауқымды жоспар құрмаған жөн, себебі оның жартысын да жүзеге асыру мүмкін болмайды. Одан да қалыптасқан жағдайларға мойынсұнып, соған қарай әрекет еткен абзал. Бүгін шатасу қауіпі жоғары, сондықтан маңызды шешімдер қабылдамаған жөн.
10. Тауешкі
Бүгінгі күнді тек өзіңізге арнап демалуға болады немесе оқуға арнаған дұрыс. Өзіңіз оқып немесе біреуді оқытсаңыз да нәтижесі жақсы болады.
11. Суқұйғыш
Бүгін Тағдырдың еркесі боласыз, сондықтан маңызды шешім қабылдап, оңай тәуекелге барасыз. Дегенмен тәуекелге бармас бұрын мұның қаншалықты қажет екенін саралап алған жөн. Бекерге басыңызды қатерге тігудің қажеті жоқ.
12. Балықтар
Қабілеттеріңіз бен дарыныңызды көрсетудің тамаша мүмкіндіктері туындайды. Ең бастысы дүрлікпей, бәріне ұнауға талпынбау керек. Бірден барлық жұмысты атқарамын деп бастаған істі аяғына дейін жеткізбеуіңіз мүмкін. Сондықтан таңертеңнен бастап істерді маңызына қарай ажыратып қойған дұрыс.

kaz.nur.kz



---
04 қаңтар 2019 ж. 759 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 118

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930