» » Биыл адам денсаулығына қауіп қайдан келеді?

Биыл адам денсаулығына қауіп қайдан келеді?

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы 2019 жылы жер бетіндегі адамдар денсаулығына ең көп қауіп қайдан келетіні жайлы хабарлады. Ең бірінші орында ауаның ластануы тұр.
Атмосфераның бұзылуы адам денсаулығына аса қауіпті. Одан пайда болатын дерт түрлері де ұшан-теңіз. Осының салдарынан жылына 7 миллионға жуық адам көз жұмады екен.
Рейтингте екінші орынға сусамыр, жүрек-қантамырлары дерті мен қауіпті ісік аурулары орналасқан. Бұл дерттердің пайда болуына  темекі тарту, қимыл-қозғалыстың аз болуы, ішімдік ішу, дұрыс тамақтанбау және ауаның ластануы басты себеп. Жылына 41 миллион адам аталған аурулардың салдарынан ажал құшады екен.
2019 жылы адамзатқа қауіп төндіруі мүмкін деген дерттердің қатарына пандемия тұмауын қосқан. Одан кейін адамдардың ауыр тұрмыстық жағдайы да қауіптер қатарында. Себебі жыл сайын жер бетінде ашаршылық, құрғақшылық, әскери қақтығыстар мен көші-қоннан миллиондаған адам денсаулығына зиян келіп, көз жұмады.
Адамдар түрлі микроб түрлерінен пайда болатын дерттерден де сақ болу керек. Эбола, Зика секілді қауіпті вирустар да адамзат өмірінің хас жауы. Сондай-ақ Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы биыл ЖИТС-тен сақтануға кеңес береді.
Денсаулыққа әр сәт мән беру керек. Жылына кем дегенде бір рет толық дәрігерлік тексеруден өтудің пайдасы зор. Себебі көп адамдар вакцинацияны уақытылы салдырмағандықтан, дертіне селқос қарағандықтан да денсаулығын нашарлатып алады екен.




17 қаңтар 2019 ж. 927 1

JeaCold от 23 ақпан 2019 18:16
Nitrofurantoin Commander Cialis Belgique cialis online Inhousepharmacyuk

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 198

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 148

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 313

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930