ҰБТ-ға жылдам дайындалу техникасы
ҰБТ-ға аз ғана күн қалды деп конспектілерді қайталап оқуға, дұрыс білмейтін жерлеріңізді қайта толықтыруға немесе өзіңіз арнайы құрған жоспар бойынша дайындалуға болады. Осылайша есіңізге көбірек ақпарат сақтап, дайындықты азайтқаныңыз дұрыс. Олай болса назарларыңызға ҰБТ-ға жылдам дайындалу техникасын ұсынамыз:
1. Дайындықты жоспарлау. Біріншіден, өзіңіздің биологиялық ритміңізді анықтаңыз. Яғни ерте жатасыз ба, әлде кеш ұйықтайсыз ба? Осыған сәйкес кесте құрыңыз. Әр күні қандай тақырыптарды дайындайтындығыңызды нақты анықтап алыңыз. ҰБТ-ның алдында бір күн бұрын жақсылап демалып, таза ауада серуендеңіз.
2. ҰБТ-ға дайындалуға арналған «3-4-5» техникасы. 2014 жылы ҰБТ-ға дейін қалған уақытты (апта, ай, жыл) 3 бөлікке бөліңіз. Мысалы, өзіңізде бар 15 күнді бес-бестен бөліңіз. Алғашқы 5 күні барлық материалды 3 деген бағаға меңгеріңіз. Екінші 5 күнде ең нашар білетін тақырыптарыңызды жақсылап меңгеріп алыңыз. Ал соңғы 5 күннің ішінде біліміңізді тест көмегімен тексеріңіз.
ҰБТ кезінде есте сақтау қабілеті жақсаратын мезгілді де ескергеніңіз жөн. Таңертеңгі сағат 8-12 арасында адамның материалдарды меңгеру мүмкіндіктері артады. Бұдан кейінгі жақсы мезгіл – сағат 17-19 арасы. Бәрібір оқыған сабақтарыңыз есте қалмайтындықтан, сағат 13-15 арасында дайындалмаған абзал.
3. Бірінші қиыны. Дайындықты әрдайым өзіңіз нашар білетін сабақты оқудан бастаңыз. Дайындық пен демалысты кезектестіріп отырыңыз: 40 минут дайындық, 10 минут үзіліс. Демалыс кезінде белсенді қозғалуға тырысыңыз. Үйдегі гүлдерге су құйыңыз, жаттығулар жасаңыз, душқа түсіңіз және 1 стақан су немесе көк шәй ішіп алыңыз. Сусын мидың жұмысын жақсартады. ҰБТ-ның алдында ең қиын сұрақтарды тағы да бір рет қайталап шығу үшін 1 күн қалдырыңыз.
4. ҰБТ тестілерімен дайындалу. Өзіңізден үлкен әпкелеріңіз бен ағаларыңыздан тест кітапшаларын сұраңыз. Интернет сайттарындағы тестілерді орындаңыз. Мұның көмегімен болашақта қандай сұрақтар болуы мүмкін екенін білетін боласыз.
5. Қысқаша конспект дайындаңыз. Өзіңіз білмейтін сұрақты тереңірек талдап, оны қағаз бетіне сурет арқылы немесе сызба арқылы түсіріңіз. Егер естігеніңізді есте жақсы сақтайтын болсаңыз, оқыған конспектілеріңізді аудиожазба ретінде жазып отырыңыз. Оларды автобуста, серуендеп жүрген кезде тыңдауға болады.
6. ҰБТ және құрғақ жаттау. Бұл тәсілді ең соңғы мүмкіндік ретінде ғана қарастырған жөн. Оны ҰБТ-ға аз уақыт қалған кезде ғана пайдалануға болады. Яғни өзіңіз толық түсінбей жатқан материалды тақпақ секілді зудыратып жаттап алыңыз.
7. ҰБТ және қауырт дайындық. Бұл жағдайда ақпаратты таңдап алып жаттаңыз. Меңгеру керек материалды 7 бөлікке бөліңіз. Себебі біздің миымыз бір уақытта 7 түрлі ақпаратты ғана өңдеп шығара алады. Артынша әр тақырыпқа арналған 7 қағаз алыңыз. Олардың әрқайсысына нақты мәліметтерді жазыңыз: тірек сөздер, қысқа фразалар, формулалар, даталар. Жазып отырған кезде оқулықтарды пайдаланабай, тек есте сақтау қабілетіңізге сүйеніңіз. Бұдан кейін жазғандарыңызды кітаптағымен салыстырыңыз. Қатеңізді түзеп, дұрыс жауапты да жазыңыз. Уақытыңыз болса, бұл әдісті қосымша тақырыптарға да қолдануыңызға болады. Сынақ тестін тапсырар кезде осы қағаздарға зер салыңыз.
8. Бұдан кейін уақытпен дайындалып үйренген жөн. Бір сұраққа 2 минуттан артық уақытыңыз кетпеуін қадағалаңыз.
9. Әр тақырыпқа арналған карточка жасаңыз. Тақырыпқа сәйкес формулалар мен тірек сөздерді де жазып отырыңыз. Мұның барлығы ҰБТ-ға кірер кезде бір рет жақсылап қайталап алуға көмектеседі.
10. Алаң болмаңыз! ҰБТ-ға өз күшіммен дайындаламын деп шешкен болсаңыз, әлеуметтік желілерден, телефоннан, артық жиын-тойдан бас тартыңыз.
Жоғарыдағы 10 тәсілді меңгеру арқылы қалаған нәтижемізді алуға болады.
Пікір 1