» » ҚАЛЫҢ ҚАР БАСЫП ҚАЛУ

ҚАЛЫҢ ҚАР БАСЫП ҚАЛУ


Қалың қар басып қалу–бұл гидрометеорологиялық апат, жойқын қар түсуі, жел жылдамдығы 15 м/с және қар жауу ұзақтығы 12 сағат болу арқылы байқалады.

Боран - ауаның жерге жақын қабатында өтетінсуық ызғарлы жел.Жаяу борасын, жер бауырлай соғатын және жалпы боран түрлері бар.Жаяу борасын және жер бауырлай соғатын боран кезінде бұрында түскен қарлар жер бетіне бірдей бөлінеді, ал жалпы боранда қарлардың бөлінуімен қатар, қар жауады.

Бұның халыққа келтіретін залалы жолдарды, елді - мекендерді және жеке тұрған ғимараттарды қар басып қалуы мүмкін.Әдетте қалың қар биіктігі 1 метрден асса, ал таулы аймақтарда – 5 – 6 метрге жетеді. Жолдарда 20 – 50 метрге дейін көру мүмкіншілігі төмендеуі мүмкін, оған қоса жеңіл ғимараттар мен шатырларының бұзылуы, электрберу құрылғылары мен байланыстың әуе желілерінің үзілуі орын алуы мүмкін.

БОРАНДАР МЕН ҚАЛЫҢ ҚАР БАСЫП ҚАЛУҒА ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАЛУ КЕРЕК
Қатты боран туралы хабарлама алсаңыз, есік – терезені, шатырдағы есікті жауып, желдеткіш саңылауды бітеңіз. Терезе әйнектерін қағаз таспалармен жапсырмалап, терезе қақпағымен жауып тастаңыз. Екі тәуліктік ас және су қорын, дәрі – дәрмек қорын, автономиялық жарықтандыру құралдарын (электрлік шам, керосин шамы, майшам), жорық плитасы, батареялы радиоқабылдағышты дайындаңыздар. Балкондардан және терезе алды тақтайынан заттарды алып тастаңыз.
Радиоқабылдағыштар мен теледидарларды қосыңыз – олар арқылы маңызды ақпарат түсуі мүмкін. Электр энергиясының өшіп қалуына даяр болыңыз.

ҚАТТЫ БОРАН КЕЗІНДЕ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК
Тек оқыс жағдай болса ғана ғимараттан шығыңыз. Жалғыз шығуға тыйым салынады. Отбасы мүшелеріне және көршілеріңізге қайда баратыныңызды және қашан келетініңізді ескертіңіз. Автокөлікте болсаңыз, тек үлкен жолдар мен тас жолдарда ғана жүріңіз. Көліктен шығарда көзге көрінбейтін тыс жерге алыстамаңыз. Жолда тоқтап қалсаңыз, қауіп - қатер дабылын үзіп - үзіп беріңіз, автокөлік капотын көтеріп, ашық түсті көзге түсетін матаны антеннаға іліп, көлік ішінде отырып көмек күтіңіз. Сонымен қатар, моторды қосулы күйде қалдыруға болады, бірақ ауа алмастыру әрі үшін улы газбен уланып қалмау үшін көлік әйнегін біраз ашып қойыңыз.
Бағдарды жоғалтып алсаңыз, не болмаса елді – мекеннен жырақ жерде жүрсеңіз, бірінші кездескен үйге кіріп, өзіңіздің қай жерде екеніңізді анықтап, боранның басылуын күтіңіз.

Қармақшы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі.


04 қаңтар 2019 ж. 2 381 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 113

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930