» » 2019 жыл: Қаңтар айына арналған жұлдызжорамал

2019 жыл: Қаңтар айына арналған жұлдызжорамал


2019 жылдың қаңтар айында Сізді не күтіп тұр? Қандай жағдайға дайын болып, нендей нәрседен сақтану керек? Осы сынды сұрақтардың жауабын жұлдызнама береді.

Тоқты Жаңа жылдың басы сіз үшін қарбалас пен қауырт істерге толы болмақ. Қаңтардың бірінші онкүндігінде жұмыс орныңызда атқарылатын істер мен тапсырмалар саны артады. Қарқынды жұмысқа төтеп беру үшін физикалық күйіңізге, денсаулық пен дұрыс тамақтануға ұқыпты болыңыз. Айдың ортасына қарай бұл қарбалас бәсеңдейді. Бұл кезең — біршама жаңа бастамаларды қолға алуға ең оңтайлы уақыт. Табыс пен жетістікке жеткіңіз келсе, жалғыз емес, ұжыммен бірге әрекет етіңіз. Қаңтардың соңғы онкүндігінде жоспарларыңызға түрлі жағдайлар кедергі келтіруі мүмкін. Оларға қарсы күреспеңіз, жағдайға қарай икемделіп, жоспарларыңызға аздап өзгеріс енгізген дұрыс. Қаңтарда құнды қағазға қатысты істерге аса сақтық танытыңыз.

Торпақ Бұл ай сізді біраз әуре-сарсаңға салады. Әйткенмен, бәрінің соңы өзіңіз үшін нәтижелі аяқталады. Айдың екінші онкүндігі көптен күтіп жүрген мүмкіндіктерді алдыңызға әкеп тосады. Тек пайдалана біліңіз де, болашақтағы үлкен табыстардың іргетасын қалап үлгеріңіз. Үлкен көлемдегі істі бастауды батыл түрде қолға алуға болады. Уақытты босқа өткізбей, белсенді болыңыз. Үшінші онкүндікте біршама «бұрынғымен» қош айтысуға тура келеді. Ол әріптес, қызмет орны немесе мансап сатысындағы дәл қазіргі тұрған тұсыңыз болуы мүмкін. Әйткенмен, көңіліңіз түспесін, бұл Сізге жаңадан бастауға берілген үлкен мүмкіндік.

Егіздер Қаңтар айы Сіз үшін бірқалыпты, тыныш өтеді. Өмірді барынша ләззат ала сүресіз, күнделікті күйбеңді де жасалусыз қалдырмайсыз. Яғни, шынайы өмір мен көңіл қалауын қатар алып жүрудің ортақ жолын табасыз. Айдың екінші онкүндігінде кәсіби тұрғыда болашағы зор ұсыныстар түседі. Ықпалды адамдармен қарым-қатынасыңыз нығайып, қызметтік қанатыңызды шет мемлекет аумағына да жаюға мүмкіндік туады. Қаңтардың соңғы күндері барынша белсенділік танытып, өзіңізді дамытуға, біліктілікті арттыруға күш салыңыз.

Шаян Бұл айда барынша сабырлы болуға тырысып, эмоцияңызды жіті басқаруға тура келеді. Әріптестер не туыстармен араңыздағы кез келген кішкентай келіспеушіліктен үлкен дау туып кетуі мүмкін. Басқа уақытқа қарағанда, айдың ортасы Сіз үшін жемісті күндер болмақ. Материалдық жағдайыңыздың жақсаруына, кәсіби біліктіліктің, қызметтестер арасындағы абыройыңыздың артуына ықпал ететін нәрсе көп. Ал, айдың соңына қарай өзіңізге демалуға, миды тынықтырып, ойды жинақтауға көбірек мүмкіндік беріңіз. Күтпеген жағдайлар әсерінен жүйкеңізге айтарлықтай салмақ түскелі тұр.

Арыстан Арыстандар үшін қаңтарда белсенді еңбек кезеңі басталады. Жұмыс, қызмет деп сабыла бермей, бір уақ өзіңізге де көңіл бөліңіз. Денсаулық қамын ойлаңыз. Қауырт емес, аса маңызды емес істерді жоспардан сызып не кейінге қалдыруға тырысыңыз. Айдың екінші жартысында эмоционалдық жай-күйіңіз қалыпты, бойыңыз энергияға толы болады. Міне, осы уақытта атқарған кез келген ісіңіз, ол қызметке қатысты болсын, үй шаруасы болсын, ләззат, қуаныш сыйлайды. Сондықтан, бұл кезеңді біршама іс тындырып алуға қолайлы шақ деуге болады.

Бикеш 2019 жыл Сіз үшін ең сәтті кезеңімен басталғалы тұр. Қаңтар айы бойынша қызықты сапарлар, ой мен көзқарастарыңыз үндес жандармен таныстықтар күтіп тұр. Сондай-ақ, жақын-жуықтармен ара қатынасыңыз бұрынғыдан да жылы бола түседі. Ал, сіз жауапты болған істер сәттілік атты серігіңіздің арқасында біршама жетістікке жеткізеді. Айдың екінші онкүндігі жаңа идеяларды қолға алуға, бизнес-жоспар құруға оңтайлы кезең. Ал, үшінші онкүндік — осы ойлар мен жоспарларды жүзеге асыратын уақыт. Бұл күндері бойыңыз қуатқа, ойыңыз жақсы үмітке толы болады.

Таразы Сіз үшін де қаңтар — жақсы да жайлы кезең. Айдың алғашқы онкүндігінде махаббатта, отбасылық қарым-қатынаста көптеген жағымды жайлар орын алады. Жақын адамдармен араңызда толықтай үйлесім мен түсіністік орнайды. Айдың екінші онкүндігінде үйдегі мінсіз, жайлы атмосфераны қызметтегі жетістіктеріңіз толықтыра түседі. Әсіресе, шығармашылықпен айналысатын Таразылардың тасы өрге домалайды. Бірақ, бұл жағдай қаңтардың соңына дейін жалғаспауы мүмкін. Ол енді өзіңізге байланысты. Кездейсоқ туындаған келеңсіздіктер тұсында өзіңізді қалай ұстайсыз: сабырмен ойланып, салмақты шешім қабылдайсыз ба әлде эмоцияға беріліп, асығыс әрі үстірт қадамдар жасайсыз ба...

Сарышаян Сарышаяндар үшін қарқынды, қарбалас жұмыс кезеңі басталады. Айдың алғашқы күндерінен-ақ арқаңызға көп жауапкершілік пен міндер артылады. Өзіңіз мүлдем күтпеген тұстардан қосымша тапсырмалар шығуы мүмкін. Сондықтан, бұл уақытта достармен басқосу, қыдыру, демалуды жоспарламай қоя тұрған жөн. Айдың орта шеніне қарай бойыңызға күш-қуаттың құйылып келіп жатқанын байқайсыз. Өзіңізге деген сенімділік арта түседі. Бар уақыт пен жігеріңізді жұмсап жасаған ісіңіздің алғашқы жемістерін де осы уақытта көре бастайсыз. Ал, айдың соңына қарай күтпеген өзгерістерге дайын болыңыз. Ол іссапар немесе жоспарланбаған шығын болуы мүмкін.

Мерген Қаңтар Сіз үшін қарама-қарсылыққа толы ай болғалы тұр. Басталғаннан-ақ қиындық тудыратын сапарлар, шиеленіскен жағдайлар шығады алдыңыздан. Жарақаттану қаупі де ұлғаяды. Сондықтан, барынша сабырлы да сақ болуға тырысыңыз. Біршама уақыт шыдасаңыз, айдың екінші онкүндігінде Сіз күткен тыныштық орнайды. Бұл уақытта қабылдаған кез келген шешіміңіз бен жаңа бастамаңыз сәтті де нәтижелі болмақ. Шығармашылықпен, интеллектуалдық ой еңбегімен айналысатын Мергендер үшін тың тақырып, жаңа идея іздеуге ең қолайды уақыт — қаңтардың соңғы онкүндігі.

Тауешкі Қаңтардың басында біршама жүйкеңізді жұқартып, уайымға салынуға мәжбүрлейтін, шаршататын жағдайлар орын алады. Жайсыздықтар күтпеген жерден келеді әрі ол туыстарыңызға және денсаулыққа қатысты болуы мүмкін. Бір жақсысы, ұзаққа созылмайды. Айдың екінші жартысында сәттілік кемесінің сіздің айлаққа келіп тұрақтағанын сезесіз. Жұлдыздар осы уақытта белсенділік танытып, мақсатқа қарай қадам жасауға кеңес береді. Айдың соңғы онкүндігі жаңа жоспар құруға, жаңа мақсат межелеуге оңтайлы кезең. Бұл күндері келіспеушілік, сәтсіздік қаупі ең төменгі деңгейге түседі. Сондықтан, ойда жүрген істерді жүзеге асыруға асығыңыз.

Суқұйғыш Айдың алғашқы аптасы өмірлік серігіңізбен арадағы қарым-қатынасты нығайтуға қолайлы кезең. Ал, жалғызбасты Суқұйғыштарды бұл уақытта жаңа таныстық пен өткінші махаббат тосуда. Айдың орта шеніндегі күндерді өзіңізбен арпалысумен өткізесіз. Психологиялық дискомфорт орнап, өзіңізге көңіліңіз толмай, ішкі меніңізбен арпалысасыз. Дәл осы уақытта келіссөз жүргізу, келісімшартқа отыру, басқа да маңызды шаруаларды қолға алмағаныңыз дұрыс. Мұндай маңызды шаруаларды қаңтардың соңына қарай қалдыра беріңіз. Өзіңізге деген сенімділік те, жұмыс қарқыныңыз да, белсенділік те артатын кез келеді.

Балықтар Сіз үшін ең жемісті де табысты әрі үнемді шақ келді. Айдың алғашқы онкүндігінде ойларыңыз үндес, көзқарастарыңыз ортақ адамдармен істес боласыз. Бұл серіктестіктің сәттілік әкелмеуі мүмкін емес. Ай ортасына қарай өміріңізге өзгеріс енгізуге деген құлшыныс оянады. Нәтижесінде жаңа идея, жаңа мақсат, жаңа жоспарлар пайда болады. Ойыңызды жүзеге асыру жолына басы бүтін беріліп кетпеңіз. Күнделікті өмірдегі міндеттеріңізді де ұмытпауға тиіссіз. Әйтпесе, жаңа нәрсеге қол жеткізем деп жүріп барыңыздан айрылуыңыз ғажап емес.

Аударған: А.Мейірханқызы, ERNUR.KZ

 

21 желтоқсан 2018 ж. 1 053 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 121

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930