» » Пиротехника бұйымдары адам өміріне қауіпті

Пиротехника бұйымдары адам өміріне қауіпті

       Жаңа жыл мерекесі қарсаңында сауда орындарында, базарларда көптеген пиротехникалық бұйымдар сатылады. Бұл бұйымдарды адамдар аудан көлеміндегі барлық мектептерде, балабақшаларда, мәдениет үйлерінде, тойханаларда шырша ойыны өткізу және қарапайым көшеде балалар пайдалануда. Қазіргі таңда бұл сапасыз өнімдер Қытай елінен көптеп келуде. Бұл бұйымдар біріншіден адам өміріне қауіпті, екіншіден материалдық шығынға әкеп соқтыруы бәріне мәлім. Пиротехникалық бұйымдарды мерекелік іс шаралар өткізіліп жатқан жерде, аула ішінде, бөлмелерде пайдалануға қатаң тиым салынады. Жаңа жылдық іс шара өткізілетін орындардың басшылары өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Бұл қауіпті бұйымдардан зардап шегушілер саны жылдан жылға ұлғаюда. Оның ішінде мектеп оқушыларының «бенгаль оттарын» жағу салдарынан қол күйігі және саусақ жарақаттары орын алады. Сонымен қатар «салют фейрвергтері» әсерінен тұрғын уйлер ауласындағы отын қоймалары және шөп сарайлары өртенуі әбден мүмкін. Жаңа жыл мерекесін көңілді және Төтенше жағдайларсыз өткізу өз қолдарыңызда.
Өрт болған жағдайда 101 телефонына хабар беруді естен шығармаңыздар!

Қармақшы ауданы Төтенше
жағдайлар бөлімінің бастығы
азаматтық қорғау подполковнигі
Ө. Сақтабаев
21 желтоқсан 2018 ж. 2 002 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 344
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 122

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930