Жаңа жыл мерекесінде қандай ережелерді сақтау керек?
Құрметті жеке кәсіпкерлер мен жеке азаматтар, баршамызға белгілі үлкен Жаңа жыл мерекесіде келе жатыр, яғни бұл үлкен жаңа жыл мерекесін қызықты етіп қарсы алу әрбір азаматтың өз қолында. Осыған байланысты жаңа жыл мерекесі кезінде Қармақшы ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан көлемінде орналасқан барлық базарлар мен сауда орталықтарында және дүкендерде Жаңа жыл мерекесі кезінде қолданылатын Қытайдан және шет елдерден әкелінген заңсыз, лицензиясы жоқ, пиротехникалық жарылғыш заттарды сатуға тиым салынатындығын ескертеді, себебі бұл заңсыз, лицензиясы жоқ, пиротехникалық жарылғыш заттарды өрт оқиғасына әкеліп соғатындығын және адам өміріне қауіпті екендігін ескере ғана қоймай, яғни оның көптеген шығынға әкеліп соғатындығын есте сақтағанымыз жөн. Бұл пиротехникалық заттардың адам өміріне үлкен зияны бар, себебі бұл пиротехникалық заттарды көбіне қолданатын балалар мен жасөспірімдер, яғни балалар бұл пиротехникалық заттардың қолданылуын білмей тұра оны кез келген жерде қолданып жатады. Қаншама адамдар осы пиротехникалық заттардың әсерінен көптеген оқиғаларға душар болып жатады. Мысалға айта кетер болсақ жасы үлкен жүрегінің талмасы бар кісілерге және жүкті әйелдерге олардың жарылысы қатты әсер етеді. Бұл үлкен жаңа жыл мерекесі кезінде осындай оқиғаларды болдырмас үшін осы пиротехникалық жарылыс заттарды сатуға, бенгаль оттарын пайдалануға және тағы басқа адам өміріне қауіпті зиянды заттарды сатуға қатаң түрде тиым салынады.
Құрметті жеке кәсіпкерлер мен жеке азаматтар осы жоғарыда айтылған ескертулерге байланысты, Жаңа жыл мерекесі кезінде Қармақшы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі және Аудандық Полиция бөлімінің Жергілікті Полиция қызметі қызметкерлері базарлар мен сауда орталықтарында және дүкендерде рейдтік қарау жұмыстарын жүргізу барысында, пиротехникалық заттардың сатылмауын қатаң қадағалай отырып, жоғарыда көрсетілген талаптарды орындамаған жағдайда, жеке шағын кәсіпкерлермен азаматтарға ҚР әкімгершілік құқық бұзушылық туралы кодексінің ереже талаптарына сәйкес әкімшілік шара қолданылатындығы жөнінде ескертеміз.

Өрт болған жағдайда 101 телефонына хабар беруді естен шығармаңыздар!
Назарқұлов Еркін Есетұлы
Қармақшы ауданы Төтенше
жағдайлар бөлімінің бас маманы,
азаматтық қорғау майоры