Түс көру. Қандай түс көрдіңіз?

Егер адам түсінде: – Биікке немесе тауға шықса, жақсы. Ондай түс көрген кісі өңінде үлкен дәрежеге жетеді.
– Жақсы көйлек кисе, кісіге өңінде қуаныш әкелетін істің боларынан хабар береді.
– Өзінің өліп қалғанын көрсе, онда өңінде ұзақ жасайды.
– Кісі әйелдің қойнында жатса, онда өңінде оның дәулеті артады.
– Тыржалаңаш жүрсе, өңінде барлық қайғы-мұқтажынан арылады.
– Басына тәж кисе, онда ол өңінде байлыққа ие болады.
– Сүйікті адамдарыңның бірін құшақтау, бақытты болудың нышаны.
– Жылаған болса, өңінде қуанады.
– Аспанда тұрған айды көрсе, өте жақсы белгі, мұратына жетеді.
– Күнді көрсе, мерейі өңінде дұшпандарынан үстем болып, дәулеті тасиды.
– Жұлдыздарды көрсе, балаларының дәрежесі жоғары болады.
– Өзен көрсе, кісі өңінде үлкен олжаға, пайдаға кезігеді.
– Баққа кіріп, оны аралау,- жақсылықтың белгісі.
– Қызыл гүл көрсе, онда өңінде бай болады.
– Бал арасын қуып жүрсе, өңінде пайдаға жолығады.
– Өлген кісіні көрсе қорықпаған жөн. Егер ол адам сөйлесер болса, онда ол шындықты айтады.
– Суда жүзіп жүрген балықты көрсе, адам өңінде перзент сүйеді.
– Өзінің ұйықтап жатқанын көрсе, онда өңінде жақсы табысқа жетеді.
– Үйіне түскен ұрыны көрсе, онда ол өңінде табыс табады.
– Шашын алдыратын болса, онда ол өңінде кедейленеді.
– Керісінше шашы өсіп кететін болса, онда ол өңінде байиды.
– Үйленген болса, тілеп жүргеніне жетеді.
– Алтын көретін болса, онда оған өңінде дәулетті кісілер демеу береді.
– Жағымсыз иіс өңдегі жайсыз істің нышанын білдіреді.
– Қолын жуса, өңдегі мазасыздықтан арылу.
– Көпірден өткен кісі өңінде өзінің жақсы қызметін қалдырып, одан да жақсы қызмет істейді.
– Әлдекімді ұрып-соқса, онда дұшпанын кекетеді.
– Ақ, жасыл түсті затты немесе суды көрсе, жақсы нышан.
– Қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді отты көрсе, жаман.
– Тісін сындырып алу – өңде досын жоғалтып алу.
– Ақ түсті киім кисе, онда ол бұл дүниеде де, о дүниеде де сый-құрметке бөленеді деген сөз.
– Сары түсті киім кисе, онда ол өңінде өз ісіне қарай бірде жақсы, бірде жаман жағдайда болады.
– Қызыл түсті киім кисе, онда ол өңінде ел билеген болады.
– Қара түсті киім кисе, өңінде қайғыға ұшырайды.
– Құс ұстап алатын болса, онда ол өңінде үйленеді.
– Кісінің басына құс қонатын болса, онда ол өңінде бір қызмет атқарады.
– Қыранды көрсе, дәрежеге ие болады.
– Көгершінді көрсе, өңінде оның ісі оңғарылады.
– Ақ қоян енсе, онда қыс қатты болады. Егер кісінің түсіне қара қоян енсе , онда қыс жайлы болады.
– Ит қабатын болса, өңінде бір қатыгез адамның жаласына ұшырайды.
– Ас ішсе, өңінде мол дәулетке ие болады.
– Ет жесе, өңінде ішіп-жемінің көбейгенін көреді.
– Алма жесе, өңінде тілегіне жетеді.
– Балық ұстап немесе жеп жүрсе, өңінде дәулеті артады.
– Жылан қуса, әйелдердің арбауына түседі.
– Сақалы ағарса, ауруға ұшырайды.
– Үйі құлағанын көрсе, ұрыс-керіс болады.
– Пышақ қайраса, қауіп-қатер болады.
– Аттан құлап қалса, қатерге кездеседі. «Түсті көруінен емес – жоруынан қорық» демекші, түсіңізді жақсылыққа жорысаңыз, жақсылыққа, жамандыққа жорысаңыз, жамандыққа қарай бұрылып кетуі мүмкін. Ең бастысы - түсімізді тек жақсылыққа жори білейік!
massaget.kz