» » 22 – 28 қазанға арналған жұлдыз-жорамал

22 – 28 қазанға арналған жұлдыз-жорамал

Тоқты. Тоқтылар сүйікті адамдарын асыл іс-әрекеттермен, тез шешімдермен, қамқорлықпен қуантады. Бұл аптада атқаратын істер көп-ақ. Тұрғын үйді немесе кеңсені жетілдіруге байланысты ішкі мәселелер күтіліп тұр. Қысқа жол сапарына шығады, сондай-ақ жоспарлаған сапар да жоқ емес. Кішігірім сатып алулар болады, көздеген затын сатып алып қуанады. Кейде сезімі туралы ойлауға да уақыт таппайды. Жайлылыққа ұмтылады. Бұл бағыттағы әрекеттің көбісі алдамшы болуы мүмкін. Ұстанымын мақұлдаған адамдармен келісуі мүмкін. Жұлдыздар денсаулығын ұмытпауға кеңес береді. Қазір емдеудің алдын алуы қажет, дәрігермен қарым-қатынаста болғаны жөн. Сонымен қатар энергетикалық әлеуеті алыстан көзге ұрып тұрады. Іскерлік мәселелерді ойдағыдай шешуге және жұмысында көп іс тындыруға дайын. Өзгелердің көзқарастарына қарамастан, оқиғаларды өзгертуге сенімді. Осы аптада көп жұмыс істесе де, көңіл көтеретін уақыт табады. Жоспарланбаған мерекеге қатысады. Қонақ қабылдайды.
Торпақ. Торпақтар бейтаныс адамдармен сөйлесіп, өзіне көптеген жаңалық ашады. Осы кезеңде тәжірибе жинауға болатын сәттер туады. Жаңа, таныс емес жағдайларға дағдыланады. Тағдырдың өзі басына жіберген сындарға, өзгерістерге көмек береді. Осы кезеңде өмірді қиындата түсетін және оған үн қосатын жаңа жауапкершілік бар. Жақсы білетін адамға өте қажет жағдайды түсіну керек. Айналасындағылардың бәрі қозғалыста. Күн сайын ақпараттық өріс кеңейтіледі. Байқамай айтылған сөз құпияны ашып, ол тез тарап, зиян келтіруі мүмкін. Көптеген жоспарларына тәуелді болатын әйелмен кездеседі. Ата-ана тарапынан қиынырақ жағдай туындайды. Сондай-ақ жұмыс орнындағы басшылармен қарым-қатынас нашарлауы мүмкін. Электрлік құралдарды, улы заттарды қолдануда қауіп туады. Бұл өмірін қиындатуы да мүмкін. Қымбат дүние сатып алуға мүмкіндігі бар, тіпті ол ұзақ уақыт шабыттандырады. Жаңа досымен (немесе қызбен) кездесу күтілуде. Уайымдайтын болады.
Егіздер. Егіздер тағдыр кездейсоқ адамдардан күмәнді таныстар мен бос уәде түрінде сынақ жібереді. Осы кезеңдегі жеңістер, шексіз ләззаттармен байланыстың жағымсыз салдары болады. Әсіресе ер адамға қиынырақ. Бағынан айырылғандай күй кешеді. Білмей істеп қалған әрекеттеріне басымен жауап береді. Үйіп-төгіп уәде беруден және еш себепсіз көп сөйлегеннен сақтану қажет, оның сұрауы болады. Денсаулыққа байланысты жағымсыз жағдай болуы мүмкін. Күй-ахуалын қадағалағаны дұрыс, себебі ағзасына түскен инфекция ұзақ уақыт қинауы мүмкін. Құрылыс жұмыстарын орындау, ұжымдық қызметке қатысу қолайлы болады. Сәттілік шаштараздар мен тігіншілердің жағында. Осыған байланысты қаржы жұлдызы жанып тұр. Қолынан көп ақша өтетін болады. Бұл аптада тағдырына маңызды оқиға бастау алады. Телефон арқылы жүргізілген келіссөз нәтижесін береді.
Шаян. Шаяндар тыныстап, демалуға үзіліс алады. Келешекке деген бір ғана көзқарас алдында қыруар шаруа үтіп тұрғанын ұқтырады. Қаласа да, қаламаса да әрекет етуі керек. Өзгелер салы суға кеткендей күй кешкенде, Шаян білегін сыбанып кірісуге ынтасы мол. Шаянның жігерінен өзгелер де күш алады. Кәсіби қызметінде ұстанымын жиі өзгертіп отыратын болады. Бірақ бұл адамдар арасындағы қарым-қатынасқа байланысты емес. Керісінше, еңбек жағдайлары саяхатқа шығуға немесе сапар шегуге байланысты болмақ. Айналасында көп нәрсе өзгереді. Әріптесінің біреуімен қоштасады, бірақ орнына жаңа адам келіп, соған назарын аударып, мұқият зерттеуге көшеді. Шаян бәріне сене беретін адам емес. Өз мүддесін жоғар қояды. Қандай да бір жағдай туса да, барлық жерге барып, шаруаны тындырып көзге түседі. Бұл аптада көптеген маңызды кездесу мен келіссөз күтілуде. Жылжымайтын мүлікке немесе ірі сатып алуға қатысты маңызды мәселе бойынша келісімге қол жеткізеді. Туыстардың біріне қатысты мерекеге қатысады.
Арыстан. Арыстандар күрделі, түсініксіз, тура жауап беруге құлықсыз. Күдікке толы. Рухани жағдайы баянсыз. Қиын сұрақтарға жауап беру үшін ойлау қабілеті бар орта қажет. Көпшілік ортада көп сөйлейді. Айналасындағыларға өзіне қажет нәрсені береді. Әрдайым өзіне күш салумен болады. Тіпті демалысы да жұмысқа айналады. Ақыры бәрінен жалығып, жалғыз қалғанды немесе бөтен адамдардың арасына болуды қалайды. Бірақ достарды бұны сезгендей, өз ортасына шақырып, мазасын алады. Жұмыста қателіктер жібереді. Сол үшін сөгіс естиді. Тек бір адаммен одақтастарды сәттілік күтіп тұр. Жолда көп іс тындырады. Бухгалтер, кеден және әлеуметтік бақылау қызметкерлерін материалдық табыс күтіп тұр. Жеке өмірде жарқындық жоқ. Қасындағы адам талап қоюмен басын қатырады. Өзгеріс қажет!
Бикеш. Бикештер жеке және іскерлік өмірде күрделі қарым-қатынастардың қиылысын шеше алады. Ұзақ мерзімді жағдай соңында жаңа кезеңге шығады және өз ұстанымын нығайтуға және нақты жағдайда мінсіздікке жетуге мүмкіндік алады. Бейтаныс адамдар жиі көмекке келеді. Аралық міндеттемелердің ескі мәселесі немесе қарыз қайтару проблемасы туады. Өз кінәсін сезіп, уәдені орындауға қабілетсіз екенін ұғады. Бұл бір жағынан сынақтың қиын кезеңі, екінші жағынан шешім қабылдау да қиын болмақ. Романтикалық жағынан жағымды жаңалық келеді. Ұзақ күткен арманын жүзеге асыруы мүмкін. Көбінесе, бұл бұрыннан қалыптасқан және өте ұзақ мерзімді қарым-қатынастармен байланысты болмақ. Балалардан жақсы жаңалық күтілуде. Жақындарының жетістіктері қуантатын болады. Басына қонған бақты бәріне мақтанып айтып, бағын үркітіп алмасын. Бұл аптада бірінші кезекте сенім немесе одаққа (ұйым, қоғам, партия) кіру мәселесі тұр. Болашақта рөлі маңызды болатын адаммен танысады.
Таразы. Таразылар өзіне өлердей таныс жағдайды сезінуі мүмкін. Бұрын тап осындай басымнан өткен деген сезімде болады. Бұрынғы тәжірибе пайдалы болар ма? Оқиғалар көбінесе жылдам дамып, ойлануға мұрша бермейді. Тағдыр төзімділікті жиі сынап көреді. Басты міндет - өзін-өзі ұстап, сабырлы адамдардың артынан ілесіп кетпеу. Қақтығыстардан аулақ бола алмайды. Бірақ бұл күндері өзіне берік болып, сол үшін тіпті қуанады. Достарымен мүмкіндігінше сыпайы болу қажет. Бұрыс сөзбен ренжітіп алма. Белгілі адам сезімін меңгеруге тырысқанда, оның емеурінінің тұтқынына түспе. Бұл қарым-қатынастың романтикалық ештемесі жоқ. Көп ұзамай ол адамнан, оның іс-әрекеттерінен көңілі қалады. Жұмыста барлық нәрсені өзі шешеді. Себебі, өзгеден қайыр жоқ. Келіссөздер жүргізу және белгілі бір келісімге қол жеткізу күтілуде. Техникалық дүние сатып алуы мүмкін.
Сарышаян. Сарышаяндар шоғырланып келген жағдайлардан есі кетеді. Жұмысында қауырт кезең. Бұған қоса, отбасылық қарым-қатынаста туыстарының біріне көмектеседі. Жаңа білім саласын игеріп, бұл ұзақ мерзімді келіссөздерге, тиімді байланыс орнатуға себін тигізеді. Делдалдық іспен айналысатындарға немесе бір нәрсені сатып алуға және сатуға арналған адамдар үшін қаржылық инвестициялардың неғұрлым тиімді тәсілі күтіліп тұр. Сонымен қатар өз мүмкіндіктерінің шегін сезінетін болады. Сөз бен істе алаңдаушылық болады. Бірақ өз сезімін басқалармен бөлісуге бейім емес. Жүрегі үміттерге, пайымы шыдамдылыққа толады. Осы кезеңде анасымен қарым-қатынас, татуласу және жақын туыстарымен көбірек түсінісу маңызды болмақ. Белгілі бір мақсатқа байланысты серуен бар.Өзіне құнды ақпарат алуға назар аударады. Дегенмен оның маңыздылығы күмәнді болады. Өзіне кезінде бір адам турады айтқан кісімен кездесіп, қатты таңқалады.
Мерген. Мергендер бейбіткерлік мәртебесінде. Көбінесе біреудің көзқарасын қорғауға, қатал сөйлескен адамды сендіруге немесе біреудің жақсы қасиеттері туралы айтуға тура келеді. Әдеттегідей, бұл әрекеттердің барлығы – альтруизм. Өзіне ешқандай пайдасы болмайды. Егер достарының біреуі сенім-құрметпен емес, сынап қараса, ұнжырғасы түспесін. Егер жұмыс туралы айтсақ, бәлендей берекелі деуге келмейді. Жұмысбасты болып жүріп айналасындағы өсек-аяңға көңіл аудармайды. Бірақ жеке жағдай, ол шығармашылық бағытта дамиды. Мансабы өсуі мүмкін. Қалай болғанда да, басшылық үміт береді. Өз бәсекелесін, кәсіби деңгейін бағалай түседі. Сонымен қатар, табысты серіктестермен салыстырғанда өзін ыңғайсыз сезінеді. Ойландыратын келіспеушіліктер орын алады. Ұзақ уақыт дос болған адаммен қатынас бұзылады. Қиын жағдайда өзіне ғана сенгені дұрыс. Жеке өмірде де жағдай тұрақсыз.
Тауешкі. Тауешкілер тынышталып, жанын жегідей жеген проблемалардан арылады. Бұрынғы мәселелер өзектілігін жоғалтып, енді келіссөз жүргізуге болады деген шешім қабылдайды. Реніш-назын ұмытып, ортақ келісімге келетін сәт туды. Кездесуге шақырып, бастаманы өз қолына алғанда өзін жақсы сезінетін болады. Жақында құрылған жоспарды қайта қарау қажеттігі туады. Сапарға шығады, оған күші де, уақыты та жеткіліксіз. Алайда көтеріңкі көңіл-күйде болады. Мейірімді сөздерімен баурап алатын әйелмен кездесу күтілуде. Қаржы жағынан бұрын күш-жігер салған іспен тығыз байланыс туады. Қарыз ақша қайтарылады. Сонымен қатар өзі күтпеген белгілі бір сома түседі. Осы аптада кәсіби салада жүргізілген істің нәтижесі шығып, ол жемісін береді. Мақсаттардан бас тартпаған жөн. Тағдыр жұмыс жағдайын жақсартуға және мансап жолын жетілдіруге керемет мүмкіндік береді. Бұл күндері қағаз және деректі сұрақтар оңай шешілмек. Бірақ туысқанмен күрделі қатынас болуы мүмкін. Қатынас үзіліп, реніш сөздер айтылуы да мүмкін. Өзін кінәлі сезінбесе де, рухани уайым тууы мүмкін.
Суқұйғыш. Суқұйғыштардың көбісі жоспарларын үйімен байланыстырады. Кездесулер расында да үйінің маңында өткізіледі. Кейбір жұмыстарды үйге барып істеуге тура келеді. Үйге қонақтар келуі мүмкін. Сондай-ақ, туыстардың арасында келісімге қатысты күрделі мәселе шешімін табады. Ұзаққа созылған мүлік мәселесін шешудің алдыңғы сатысы жүзеге асады. Қағаз, құжаттық мәселе бойынша қиын процесті қарауға тура келеді. Бұрыннан таныс әйел тиімді кеңес береді. Ресми жиналысқа немесе конкурсқа қатысу күтілуде. Өзгелермен қарым-қатынаста ар-ұждан қажеттілігі туады. Жеңіл сөйлеп, айлакер, қу адам деген атаққа қалу қаупі бар. Беделсіз адамдардың атынан өсек туады. Адам нанғысыз оқиғалар болады. Дегенмен өзіне деген сенімділігін таныс әйел тарапынан көрсетілген ерекше ықылас арттырады. Ұзақ күткен ғашық адаммен кездесу күтілуде.
Балықтар. Балықтар өзіне қызықты саладан маңызды ақпарат алуға көп уақытын жұмсайды. Өзгенің жетістігі ашуын тудырады. Әсіресе, бұрынғы әріптестеріне немесе бәсекелестеріне теріс әсер етеді. Басқа біреудің атына небір жаман сөздер айтудан тартынбайды. Бәрінен хабардар болу керек, әйтпесе өзін қорғай алмайды. Бұл жолы апта мерекесіз, бірақ достарымен қызықты кездесу немесе оқиғалар күтілуде. Жеке өмірде абайламай, жағымсыз оқиғағағ куәгер болуы ықтимал. Оның арты жанжалға ұласады. Жақын адамы қызғанып, ренжитін болады. Бірақ кейбір құпия оның шынайы жүзін жауып, сезімінің растығын көрсете алады. Айналасындағы адамдарды киім киісімен таңғалдырады. Денсаулығына көңіл бөлу қажет. Пайдасы бар бұрынғы таныстармен кездеседі. Еркектер іс-сапарға шығуы мүмкін, ал әйелдердің әс-әрекеті бұл аптада шектеулі болмақ.
ktk.kz
24 қазан 2018 ж. 1 752 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031