Дұрыс тамақтану режимі

• Көптеген диетолог мамандар бірнеше мезгіл тамақтану арқылы салмақты бақылауда ұстауға болады дейді. Ал, үш мезгіл тамақтану кері әсерін тигізеді деген болжам да айтылады. Бірақ, кейбір зеттеушілер мұны жоққа шығарады: Зерттеу бойынша, үш мезгіл тамақтану жиі тамақ қабылдаудан еш айырмашылығы жоқ. Екі топ 8 апта бойына аз калориялы тағамдармен жүрек жалғаған. Бірі – үш мезгіл, енді бірі – алты мезгіл тамақтанған. Нәтижесінде екі топтағы адамдар артық салмақтан арылған.
• Енді өзге бір зерттеу жұмысының қорытындысында, үш мезгіл тамақтану үрдісі кезінде қан құрамындағы триглицерид мөлшері әлдеқайда аз болатыны анықталған. Яғни, қан-айналым жүйесіне айтарлықтай пайдасы бар. Үш мезгіл тамақтану сіздің режиміңіз бола алады, егер:
• сіз сағат 8-ден кешкі 17-18:00 аралығында жұмыс істейтін болсаңыз;
• тамақ дайындауға артық уақытыңыз болмаса;
• мұндай режимге үйренген болсаңыз және де артық салмақпен әрі ас қорыту жүйесімен мәселе туындамаса;
• күндіз қарныңыз ашпаса. Егер артық салмақпен күресіп жүрсеңіз, күні бойы қарныңыз ашатын болса, кейін артық мөлшерде тамақтанатын болсаңыз, тамақтану жүйесінің өзге түрсін қарастырып көріңіз. Бөлшекті тамақтану режимі: Бөлшекті тамақтану режимі – сіздің нормаңызға сай келетін калорияны бірнешеге бөліп тастау. Оны қаншаға бөліп, қанша мезгіл тамақтанғыңыз келеді – оны өзіңіз шешесіз. Әдетте бес-алты мезгілге сыйғызады. Артықшылығы:
• Күні бойы қарныңыздың ашқанын сезбейсіз. Калорияны есептесеңіз де, өзіңізді тамақтан тыймайсыз.
• Жиі тамақтану қандағы глюкоза мен холестерин мөлшерін түсіреді.
• Сонымен қатар, инсулин мөлшері де түсетіні анықталған. Кімге септігін тигізеді?
• Егер артық салмағыңыз болса;
• Күндіз қарныңыз ашып, кешке тойып алатын әдетіңіз болса;
• Холестерин мен инсулин мөлшерін түсіру ойыңызда болса. Қысқа мерзімді аштықтың жүрек пен миға әсері бар ма? Қысқа мерзімді аштық режимі – 16-18 сағат бойына тек су ішіп, кейін кішкентай мөлшерде тек пайдалы тамақтану. Одан бөлек басқаша нұсқасы да бар: 5 күн әдеттегідей тамақтанып, аптасына екі күн тек сумен қоректену. Қысқа мерзімді аштық режимін заман ырғағына сай тренд десек те, тарихта бұл тамақтану режимі кездескен. Мысалы, тарихшы Кэролайн Илдам ежелгі римде адамдар күніне бір мезгіл ғана тамақтанғанын айтқан. Артықшылығы:
• Қартаю мәселелері жөнідегі ұлттық институттың бас зерттеушісі Марк Мэттсон аштық қандағы дерттердің қабынуын төмендетіп, күйзеліске түсу мөлшерін азайтатынын және есте сақтау қабілетін жетілдіретінін алға тартады. Тәжірибеге қатысушылар – демікпе дертіне шалдыққан ауыр салмақты ересектер – бірнеше күн өздеріне тиесілі калория мөлшерінің небәрі 20% -н қолданады. Сегіз аптада, салмақтарының 8% жоғалтады. Мэттсон сонымен қатар, аштықтың миға әсерін зерттейді. Егер 10-16 сағат бойына тамақтанбасаңыз, сіздің тәніңіз май қорындағы майды қолдана бастайды, ал, май ыдырап қанға түседі. Ол мидың жұмысын жақсартып, есте сақтау қабылетін шыңдайды. Кімдерге қиындық тудырмайды?
• Артық салмақтан арыла алмай жүргендер үшін;
• Таңертең қарны аша бермейтін жандарға;
• Тамақ дайындауға уақыты жоқ адамдарға. massaget.kz
Қай тамақтану режимі сіз үшін қолайлы? Пікірде ой бөлісіңіз...
![]() | Бізді Facebook-тан оқып, жаңалықтардан құлағдар болып отырыңыз. |
Пікір 1