» » Қамыр илеу құпиялары

Қамыр илеу құпиялары

Қамыр илей алу - аспаздық қасиетінің асқақтығының белгісі. Қамыр илеп үйрену үшін тәжірибе мен уақыт қажет, оған қоса осы өнердегі құпияларды біліп жүрген жөн.

Бәліштердің тәтті болып пісуінің сыры - ұнды елеп салу. Електен өткізу арқасында ұндағы артық құрамдас бөліктерден арылып, оны ауамен араластырып, қамыр жақсы көтеріледі.

Пісірген нан келесі күні қатып қалмау үшін қамырға картоп крахмалын қосыңыз. 

Нан, бәліш, құймақ қамырына ұнтақ жармасын (манка) (жарты литр қамырға бір ас қасық) қосыңыз. Наныңыз ұзаққа сақталып, қатпайды.

Сүтке қатып жасалтын қамырға жарты стақан минералды су қосып араластырыңыз. Минералды суда сірке суы не лимон шырынына қосылған шай қасық ас содасын ерітіңіз. Бұл да қамырдың жақсы көтеріліп, ұзаққа сақталуына көмектеседі.

Нан илейтін ас бөлмесіндегі терезелерді жауып қойыңыз. Солайша қамырдың беті кеппей, көтеріле алады.

Ашытылған қамырдың құрамдас бөліктерінің барлығы жылы болуы тиіс. Тоңазытқыштан алған азық-түліктерді алдын ала микротолқынды пеште жылытып алыңыз. Ал қамырдың құрамындағы сұйықтықтарды 30-35 градусқа дейін жылытқан дұрыс. Ашытқы осындай температурада белсенді болады.

Қамырды құрғақ қолмен илеңіз.

Бәлішті пісіру пешіне салмас бұрын, 15-20 минутқа қойып қойыңыз. Керісінше жағдайда бәліш ұзақ пісіп, дұрыс көтерілмейді. 

Бәліштерді орташа отта пісіріңіз, осылайша ол күймей, көтеріліп үлгереді.

Қамырдың құрамына сары май қосу керек болса, оны ерітпей, турап қосыңыз.

Қамырды суға илегенше, сүтке илеңіз. Осылайша оның иісі де, түсі де жақсырақ болады.

Нанның жақсы көтерілуі үшін жаңа ашытқы қолданыңыз. Ашытқының сапасын тексеруге болады. Суға кішкене ашытқы қосып, кішкене ғана ұн қосыңыз. Қамыр жақсы көтеріліп, бетінде жарықтары болмауы керек.

Қамырдың құрамында тым көп қант болса, бәліш тез қызарып, күйіп қалады. Қамыр қажетінше көтерілмей қалуы да мүмкін. Сондықтан қантты көп қосқанша, кемірек салыңыз.

Бәліш нәзік болып пісуі үшін, қамырға жұмыртқалардың тек сарысын қосыңыз.

Қамыры көп үлкен бәліш пен нандарды өте баяу отта пісіріңіз, осы жағдайда ортасы піспей қалмайды. 

Бәліштің асты құрғақ болып пісуі үшін крахмал ұнтағын себіңіз.

Ашытылған қамырдың 3 сағаттан артық көтерілуін күтпеңіз.

Бәліштің бетін жұмыртқаның сарысымен, сүтпен, қант қосылған сумен жақсаңыз, беті әдемі қызарады.

Бетіне қант ұнтағын себетін болсаңыз, бәлішті алдын ала маймен жаққан дұрыс.

Ал жұмыртқаның ағымен жағылған бәліштің беті жылтырап қалады.

Қамырда неғұрлым көп май және азырақ су болса, ол дәмдірек болады.

Бәлішке ас содасының шамасын тура мәзір бойынша салыңыз, керісінше жағдайда оның иісі бұзылып, күңгірт болып қалады.

Құрғақ бәліштерді суытып барып пішінінен шығарыңыз.

Тәтті бәлішке жүзім қоспас бұрын, оны ұнға аунатып алыңыз.

Тұзды ашытқы қосылып, біраз тұрған суға қосыңыз.

Қамыр ашып, көтеріліп үлгерсе, ал сіз оны пісіру пешіне қоюға уақытыңыз болмаса, бетін ылғал қағазбен жабыңыз.

Ыстық бәлішті суытып барып тураңыз. Немесе сумен жылытылған пышақпен тураңыз.

Бәліш күйіп, пішінге жабысып қалса, оны жіппен алып көріңіз.
26 қыркүйек 2018 ж. 2 603 1

JeaCold от 25 ақпан 2019 01:37
Cialis Tadalafil Precios Uk Buy Propecia Buy Viagra At Walmart 318 priligy interdit en france Descansar Comprar Propecia En

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 049

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031