» » ЫСТЫҚ НАН

ЫСТЫҚ НАН

Бала кезімде анам шоқтан жаңа шыққан ып-ыстық нанды құшақтап келе жатқанда бір үзімін сындырып ап жүгіре жөнелетінмін. Ошақтан енді ғана алынған нан тек өзінің қол тигізбес ыстықтығымен ғана емес, ерекше иісімен, дәмімен баурап алатын.

Сонда анам жалаң аяқ, жалаң бас, шашын тықырлаған қарадомалақ мені үйге шақырып алып, бір тапа нанды сары майға бөктіріп беретін. Киіз үйдің төрінде үлкен тостақ ішіндегі ұсақталған нанды уыстап аузыма тығып отыратын көрініс менің балалық шағымның белгісіндей болып қалды.
Шіркін, балалық. Қаннен-қаперсіз ешнәрсеге бас қатырмай жалаң аяқ жүгіресің де жүресің. Қорадан қозы-лақты көкке шығарып келіп, кезектен мал келгенде оларды жамыратасың. Күнделікті ауыл тіршілігі. Осылай зулаған күндер өте беретін.

... Автобустан түсе сала ыстық нанныі хош иісі мұрнымнан кіріп тұла бойыма тарады. Бәз-баяғы балалық шақтағы бір үзім нан көз алдымнан көлбеңдей берді. Елден жырақта студент болып жүргенімде де осы бір құдіретті дәм, хош иісті мен әбден сағынатынмын. Аңсайтынмын. Әлемде баға жетпес дәм осы, мен үшін.
Аулаға кірер есікті ұстаған күйімде ойға шомып кеттім. Анам келіп маңдайымнан иіскеді.
- Жүре ғой, құлыным. Сенің келетініңді сездім-ау, нанды жаңа ғана шоқтан алдым.
Жанарымнан ыршыған жас тамшы жерге құлап барады..



Аян СПАНДИЯР.

19 қыркүйек 2018 ж. 3 084 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 407
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728