» » ​Әшекей бұйымдарды күту туралы кеңестер

​Әшекей бұйымдарды күту туралы кеңестер

Зергерлік бұйымдар біздің ең сырлас әрі жүрегімізге ең жақын аксессуарлар болып танылады.  Аса қымбат зергерлік бұйымдарыңызға дұрыс күтім жасау – оның қызмет ету мерзімін ұзартып, ұзақ жылдар бойы бастапқы күйін сақтауға мүмкіндік береді.

Жарық пен жылудан абай болыңыз!

Күн сәулесінің терімізге зиян тигізетіні секілді жарық пен жылу да бағалы тастардың төзімділігі мен түсіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Осы екі фактордың қай-қайсы да шамадан тыс болса, онда ол құрамында мәселен күлгінтас, кунцит, топаз сынды тастары бар әшекейлерге әсерін тигізеді. Маржан және піл сүйегі сынды өзге де биязы материалдар жарықтың күшті әсері салдарынан күңгірт тартатын болады. Өзге тастар, әсіресе кәріптас керісінше, күннің астында қалдыратын болсаңыз, қоңырқай тартады.
Шамадан тыс жылу мен температураның күрт ауытқуының тасты бүлдіретіндей әсері бар. Өйткені, тастан жасалған бұйымның ылғалдылық пайызы төмендейді. Ал табиғи  ылғал  - бұл қымбат әшекейлер өздерінің сұлулығын сақтау үшін қажет ететін дүние. Мәселен, маржан тастар құрғап, жарылып кетеді. Ал жылтыр тастар қырларындағы сәулелердің жылтырап ойнауынан айырылып қалатындығын айтпағанның өзінде   ақшыл немесе қоңырқай реңкке ие болады.

Әшекей бұйымдарды химикаттардан аулақ ұстаңыз!

Химиялық заттардың тиюі қымбат металдарға, атап айтқанда алтынға, күміске не платинаға зақым келтіруі не түсін кетіруі әбден мүмкін. Тіпті шашқа арналған лак, лосьон, әтір секілді қарапайым сұйықтықтардың құрамында химиялық заттар болуы мүмкін, бұлар сіздің маржан, асыл тастарыңыз секілді (көгілдір ақық, меруерт) нәзік әшекейіңіздің түсін кетіруі ықтимал. Сонымен қатар хауызда суға түсу үшін сақина, білезік, моншақ не сырғаларыңызды шешіп алуыңызға кеңес беріледі, өйткені қоғамдық орындардың суы құрамында хлор бар. Дәл осы кеңес үй тазалауға да тікелей қатысты. Үй тазалау құралдарының құрамында да нәзік әрі қымбат бағалы дүниелерге зиянын тигізетін аммиак бар екенін ұмытпаңыз.

Ерекше күтім

Көптеген түрлі-түсті тастар әдетте анықтық пен түр-түсті жақсарту үшін өңделіп жатады. Бұл өңдеу будан, ерітуден, ультра дыбыстық тазалаудан тұруы мүмкін. Сіздің тасыңыздың өңделгендігін білу арқылы оны күтудің жолдарын да білесіз. Бұл үшін сізге әшекейді сатып алған кездегі GIA  есебі қажет, ол жерде сіздің тасыңыз туралы және оны күту ережелері жазылады.

Ультрадыбыстық тазалау құралдарын пайдалану ұқыптылығы

Кәсіби ультра дыбыстық тазалау құралын 150 доллар көлемінде сатып алу мүмкін болса да, оны кез келген адам дұрыс пайдалана алмауы мүмкін.
Ультра дыбыстық тазалау қүралдарымен тазалауға жатпайтын әшекей бұйымдар мыналар:
сырт келбетінде бөлігі бар, май, шайыр немесе әйнек тәрізді материалдармен толтырылған бағалы тастар;
маржан, меруерт, піл сүйегі және кәріптас секілді органикалық тастар;
пластик немесе балауыз сияқты тұрақсыз заттармен бекітілген әшекейлер;
термиялық өңдеуге ұшыраған көптеген әшекей тастар.Механимзмнен туатын діріл тастардың тұтастығын бұзып жіберуі мүмкін деген қауіп бар.

Бұл тазалау түрін көбіне-көп зергерлік салондағы мамандарға тапсырған орынды, олар тастардың түрін әрі олармен қалай жұмыс жасау қажеттігін біледі.

Қауіпсіз әдістер туралы

Көпшілік түрлі-түсті қымбат тастарды жылы сумен, жұмсақ сабынмен және щеткамен тазалауға болады (тазалау құралдарынсыз). Сондай-ақ тіс тазалау құралы мен суды, жұмсақ матаны пайдалану да орынды.

Екінші жағынан, маржан секілді нәзік тастар тез сырылып қалуы мүмкін. Мұндай кездері макияжға арналған қылтаяқшаны және жылы сабын суды пайдалану қажет. Маржандарды тізіп, кебуі үшін  матаның үстіне орналастырыңыз. Ылғалды жібек жіп созылып, өзіне кірді жинап алуы ықтимал, сондықтан ол кепкенше қол тигізбеңіз. Үнемі мойынға тағатын маржан тастарыңыздың жібін жылына бір рет ауыстырып тұруға кеңес беріледі.

Қалай сақтаған дұрыс
Әшекей бұйымдарды ешқашан жәшікке сала салуға болмайды, бұл әшекейлерге сызат түсіретіні белгілі.
Меруерт пен жылтыр тас ауадан ылғалды сіңіреді, сондықтан оларды сейф секілді құрғақ аймақта сақтау дұрыс емес, оларға пайдадан гөрі зиянын тигізеді.
Саяхаттауға шыққан кездері өз әшекей бұйымдарыңызды қобдишаға не сандықшаға салып ұстасаңыз, бұл олардың зақымдалуына жол бермейді.
Көптеген зергерлік дүкендер әшекей бұйымдарды белгілі бір кезең  сайын тегін тексеріп, тазалап беруді ұсынып жатады: әшекей бұйымдарды әр алты ай сайын тексертіп, тазалатып тұрған дұрыс. Бірінші кезекте кәсіби дағдысы бар, адал зергерді іздестіріңіз.

Дереккөз: www.zhenskoeschastie.com
08 қыркүйек 2018 ж. 1 590 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 040

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031