Химиялық уланудың алдын алу – қауіпсіздіктің маңызды шарты
Химиялық улану – адам ағзасына улы химиялық заттардың түсуінен пайда болатын қауіпті жағдай. Улану тұрмыстық химия өнімдерін, дезинфекциялық құралдарды, пестицидтерді және басқа да химиялық заттарды дұрыс пайдаланбау немесе сақтау талаптарын бұзу салдарынан болуы мүмкін.
Химиялық заттар ағзаға тыныс алу жолдары, тері, көздің шырышты қабаты немесе ас қорыту жолдары арқылы түсуі мүмкін. Улану кезінде бас айналу, жүрек айну, құсу, әлсіздік, тыныс алудың қиындауы, көз бен терінің тітіркенуі сияқты белгілер байқалуы ықтимал.
Химиялық уланудың алдын алу үшін:
•химиялық заттарды тек нұсқаулыққа сәйкес пайдалану;
•тұрмыстық химия мен дезинфекциялық құралдарды тағам өнімдерінен бөлек сақтау;
•химиялық заттарды сусын немесе тағам ыдыстарына құйып сақтамау;
•химиялық өнімдерді балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау;
•химиялық заттарды қолданғанда қолғап, маска және басқа да жеке қорғаныш құралдарын пайдалану;
•үй-жайды жақсы желдету;
•әртүрлі химиялық тазалау және дезинфекциялау құралдарын өз бетінше араластырмау;
•өнімнің жарамдылық мерзімі мен қаптамасының бүтіндігін тексеру;
•белгісіз немесе таңбаланбаған химиялық заттарды қолданбау қажет.
Химиялық затпен жұмыс кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау – уланудың алдын алудың ең тиімді жолы. Улану белгілері байқалған жағдайда химиялық затпен байланысты дереу тоқтатып, таза ауаға шығып, медициналық көмекке жүгіну қажет.
Есіңізде болсын: химиялық заттарды дұрыс пайдалану және қауіпсіз сақтау – өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын қорғаудың маңызды шарты.
А.Идрисова,
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы
















