» » Менингиттің белгілері мен алдын алу шаралары

Менингиттің белгілері мен алдын алу шаралары

Менингит – ми мен жұлын қабықтарының қабынуымен сипатталатын аса қауіпті жұқпалы ауру. Бұл дерт дер кезінде анықталып, тиісті ем жүргізілмесе, ауыр асқынуларға, тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Сондықтан әрбір азамат бұл аурудың белгілерін біліп, алдын алу шараларын сақтауы қажет.
Аталған аурудың негізгі қоздырғыштары – бактериялар мен вирустар. Менингит көбінесе ауа-тамшы жолы арқылы жұғады. Сонымен қатар, иммунитеттің әлсіреуі, суық тию, созылмалы аурулар және жеке бас гигиенасының сақталмауы да аурудың дамуына ықпал етеді.
Аурудың негізгі белгілері:
Менингиттің белгілері кенеттен басталып, тез өршуімен ерекшеленеді. Олардың қатарына мыналар жатады:
– дене қызуының жоғарылауы;
– қатты бас ауруы;
– жүрек айну мен құсу;
– жарыққа сезімталдық;
– мойын бұлшықеттерінің қатаюы;
– әлсіздік, ұйқышылдық, сананың шатасуы.
Балаларда мазасыздық, тоқтаусыз жылау, еңбектің ісінуі сияқты белгілер байқалуы мүмкін.
Аталған белгілер анықталған жағдайда уақытты жоғалтпай, дереу медициналық көмекке жүгіну қажет. Өзін-өзі емдеу – өте қауіпті.
Алдын алу шаралары:
Менингиттің алдын алу үшін келесі шараларды сақтау ұсынылады:
– вакцинациядан уақытылы өту;
– жеке бас гигиенасын сақтау;
– қолды жиі жуу;
– дұрыс тамақтану және иммунитетті күшейту;
– суық тиюден сақтану;
– ауру адамдармен қарым-қатынасты шектеу.
Қорытынды:
Менингит – алдын алуға болатын, бірақ дер кезінде емделмесе, аса қауіпті ауру. Әрбір адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, алғашқы белгілер пайда болған сәтте дәрігер көмегіне жүгінуі тиіс.
Әлменбетова Жансая Әлменбетқызы,
ҚР ДСМ “ҰСО” ШЖҚ РМК
Қызылорда облысы бойынша филиалы
Қармақшы аудандық бөлімшесінің
санитариялық-эпидемиологиялық қызмет дәрігері
26 наурыз 2026 ж. 71 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10498)

25 сәуір 2026 ж.

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 964
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 600

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930