» » ЖРВИ және тұрмау ауруларының алдын алу шаралары

ЖРВИ және тұрмау ауруларының алдын алу шаралары

Жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) мен тұрмау аурулары күзгі-қысқы және көктемгі маусымдарда кеңінен таралады. Бұл аурулар адам ағзасына ауа арқылы еніп, тыныс алу жолдарын зақымдайды және әсіресе балалар, қарт адамдар мен иммунитеті әлсіреген азаматтар үшін қауіпті.
Аурудың алғашқы белгілеріне дене қызуының көтерілуі, тамақтың ауыруы, жөтел, мұрыннан су ағу, әлсіздік пен бас ауруы жатады. Уақытылы алдын алу шаралары сақталмаса, ауру асқынып, бронхит, пневмония сияқты ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.
Алдын алу шаралары
ЖРВИ және тұрмау ауруларының алдын алу үшін келесі сақтық шараларын сақтау маңызды:
  • Қолды сабынмен жиі және мұқият жуу, антисептикалық құралдарды пайдалану;
  • Адам көп жиналатын орындарда жеке гигиена талаптарын сақтау;
  • Бөлмелерді тұрақты түрде желдетіп, ылғалды тазалау жүргізу;
  • Суық тиюден сақтану, ауа райына сай киіну;
  • Дұрыс және құнарлы тамақтану арқылы иммунитетті нығайту;
  • Жеткілікті ұйқы мен демалыс режимін сақтау;
  • Ауру белгілері байқалған жағдайда дер кезінде медициналық көмекке жүгіну;
  • Тұмауға қарсы маусымдық екпелерді алу.
ЖРВИ мен тұрмау ауруларының алдын алу – әрбір азаматтың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауынан басталады. Қарапайым санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау арқылы аурудың таралуының алдын алуға және өзіңізді әрі айналаңыздағы адамдарды қорғауға болады.
А.Идрисова,
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы 
23 қаңтар 2026 ж. 138 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 115
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 703

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031