» » Тұмаудың алдын алу және емдеу туралы

Тұмаудың алдын алу және емдеу туралы

Тұмау – тыныс алу жолдары арқылы жұғатын вирустық жұқпалы ауру. Ол адамнан адамға ауа-тамшы жолымен, яғни жөтелу, түшкіру немесе сөйлесу кезінде жұғады. Тұмаудың қоздырғыштары болып табылатын А және В типті вирустар жоғары агрессивтілігімен және тез көбею қасиетімен ерекшеленеді. Инфекция ағзаға енгеннен кейін бірнеше сағаттың ішінде тыныс алу жолдарының шырышты қабығына зақым келтіріп, бактериялық асқынулардың дамуына жол ашады.
Ауру әдетте кенеттен басталады. Науқаста дене қызуы 37,5–39°С-қа дейін көтеріліп, бас ауруы, бұлшықет пен буындардың сырқырауы, әлсіздік, қалтырау, мұрынның бітелуі немесе су ағуы, тамақтың ауруы және жөтел сияқты белгілер байқалады. Тұмаудың белгілері басқа тыныс алу ауруларына ұқсас болғандықтан, нақты диагнозды тек дәрігер қоюы керек.
Тұмау жеңіл түрде өтіп кетуі мүмкін, алайда кейбір жағдайларда аурудың ауыр ағымы байқалып, өмірге қауіп төндіретін асқынуларға әкелуі ықтимал. Ең жиі кездесетін және қауіпті асқынулардың бірі – өкпе қабынуы (пневмония) мен бронхит. Сонымен қатар тұмау кезінде жүрек-қан тамырлары, иммундық және басқа да созылмалы аурулар күшеюі мүмкін.
Тұмаумен ауырған адам үй жағдайында емделіп, төсек режимін сақтауы тиіс. Себебі ауру ағзаның қорғаныс жүйелеріне айтарлықтай жүктеме түсіреді. Ешбір жағдайда өзін-өзі емдеуге жол беруге болмайды. Тек дәрігер науқастың жас ерекшелігі мен жағдайына қарай дұрыс ем тағайындай алады.
Инфекцияның таралуын болдырмау үшін науқас адамды сау адамдардан оқшаулап, қоғамдық орындарға бармауын қадағалау қажет. Әсіресе ата-аналар тұмау жұқтырған балаларды балабақшаға, мектепке немесе мәдени іс-шараларға жібермеуі керек.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, тұмауға қарсы ең тиімді қорғаныс тәсілі – вакцинация. Вакцина сол маусымда белсенді таралатын вирустық штаммдарға қарсы иммунитет қалыптастырады. Сондықтан тұмау маусымы басталмай тұрып екпе алу маңызды.
Бұдан бөлек, адамдар көп жиналатын жерлерде бетперде кию, бөлмелерді жиі желдетіп тұру, жеке гигиенаны сақтау және дұрыс тамақтану да тұмаудың алдын алуда үлкен рөл атқарады.
Өз денсаулығыңызға мұқият болып, тұмаудың алғашқы белгілері байқалғанда уақытылы дәрігерге жүгініңіз. Дұрыс ем мен алдын алу шараларын сақтау арқылы тұмаудың асқынуын және оның ауыр зардаптарын болдырмауға болады.
Баян Еркебаева,
Қармақшы аудандық
санитариялық эпидемиологиялық
бақылау басқармасының бас маманы
13 қараша 2025 ж. 36 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

№85 (10453)

08 қараша 2025 ж.

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 852
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 572

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930