» » Психикалық денсаулық – өмір сапасының негізі

Психикалық денсаулық – өмір сапасының негізі


Жалпы, жан дүниенің саулығы адамның отбасындағы қарым-қатынасынан бастап, қызметтегі жетістігіне дейін әсер етеді.
Психикалық денсаулық - бұл жеке адамның ойлауы, өзін ұстауы және өмірдің әртүрлі талаптары мен өзгерістерін қалай реттейтінінің жалпы саулығы. Психикалық салауаттылық – жеке тұлғаның ішкі байланыс пен тепе-теңдік сезіміне ие болуы және қоғамның жалпыадамзаттық құндылықтарымен өз қабілеттерін үйлесімді пайдалана білуі.
Психикалық денсаулық - танымға, қабылдауға және мінез-құлыққа әсер ететін эмоционалдық, психологиялық жүйе. Адамның өз мүмкіндіктерін жүзеге асыра алатын, өмірде кездесетін күйзелістерге төтеп бере алатын, өнімді және жемісті жұмыс істей алатын әл-ауқат жағдайы. Ол, сондай-ақ, адамның тұлғааралық қарым-қатынаста және шешім қабылдауда орнықтылығын, күйзеліспен қалай күресетінін анықтайды.
Біздің психикалық денсаулығымызға әсер ететін қауіп факторлары қандай?
Ұзақ уақыт күйзеліске түсу, балалық шақтағы психологиялық жарақаттар, қоғамдық қысым, агрессия, буллинг, эмоциялық қолдаудың болмауы, қалыпты ұйқы мен тамақтанудың бұзылуы, әлеуметтік жағдай мен түрлі денсаулықтағы аурулар - үлкен әсер етуші күш.
Психиканың бұзылу белгілері: жиі ашулану немесе жылауықтық, тәбеттің жоғалуы немесе керісінше, шамадан тыс тамақтану, ұйқысыздық немесе шамадан тыс ұйықтау, өз-өзіне сенімсіздік, жалғыздық сезімі, өмірге деген қызығушылықтың азаюы,т.с.с.
Сондықтан, ішкі сезіміңізді тыңдап, өз көңіл-күйіңізді бақылап, қажет болғанда психолог көмегіне жүгініңіз. Ұйқы мен тамақтану режимін сақтаңыз. Қимыл-қозғалыс жасаңыз. Таза ауада серуендеу, дене белсенділігі — стрессті жеңудің ең жақсы жолы. Жақындарыңызбен ашық сөйлесіңіз. Эмоциялық қолдау да – психикалық саулықтың тірегі. Әлеуметтік желіде токсикалық ақпараттардан аулақ болуға тырысыңыз. Оның орнына жағымды ой ойлап, позитивті өмір салтын ұстанған абзал. Психикалық денсаулық – өзіңді түсіну, өзгені қабылдау, өмірден ләззат алу қабілеті. Жан дүниеңіз тыныш болмаса, ешбір жетістік көңілге қуаныш сыйламайды. Сондықтан психикалық саулықты күту — әр адамның күнделікті назарында болуы тиіс.
Жан тыныштығы – өмір сапасының негізі.
Тән саулығымен бірге, жан саулығына да көңіл бөлу – саналы қоғамның белгісі.
Кетебаева Әмина Тахирқызы,
психолог 
16 қазан 2025 ж. 111 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10448)

21 қазан 2025 ж.

№79 (10447)

18 қазан 2025 ж.

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 713
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 452

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031