» » Жасөспірім – жарқын болашағымыз

Жасөспірім – жарқын болашағымыз

Жасөспірім шақ – ерекше кезең. Өмірдің осы сатысынан өтіп жатқан жасөспірім физиологиялық және морфологиялық өзгерістерді басынан өткереді. Мұның психологиялық жағынан салдары болатыны белгілі. Жасөспірімдік кезеңде, жастарымыз әр түрлі сыртқы жағдайға қалай жауап беру керегін білмейді. Көп жағдайда жасөспірімдер өздерін игере алмай, қызуқандылық танытады, албырттықпен әртүрлі жағдайға ұшырап жатады.
Бұл кезде олар өздерін тәуелсіз сезініп, ересектердің айтқанын тыңдап, құлақ асқысы келмейді, ата-ана бауырынан гөрі достарына сырын айтып, соларды жандарына жақын тұтып, шешім қабылдауға ұмтылады. Бұл жерде ересек адам ретінде өзін сезінуі – жасөспірімдік тұлғаның әлеуметтік-психологиялық жаңаруы. Сондықтан жасөспірімнің психологиялық және психикалық денсаулығына ерекше назар аудару қажет. Жалпы жасөспірімдердің денсаулығы көптеген факторларға тәуелді: дұрыс тамақтану, күнделікті тәртіпті сақтау, таза ауада жүру, қозғалыс белсенділігі, шынығу процедуралары, психологиялық жайлылық. Бұған қоса, білім беру жүйесі баланың дамуында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін маңызды денсаулық факторы болуы керек. Бұл уақытта баланың көп уақыт өткізетін ортасы білім саласы болғандықтан ұстаздарға да артар жүк пен жауапкершілікте жетерлік.
Жасөспірім біздің болашағымыз, сондықтан бүгіннен бастап күш салып, жұмыс жасасақ ертеңіміз жарқын болашақ.

А.НҰРМАҒАМБЕТОВА,
«Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын
қалыптастыру орталығы» ЖШС
Қармақшы ауданы бойынша маманы

29 тамыз 2019 ж. 4 102 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 919
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 563

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930