Құралай Нұрқаділова психолог атанды


Құралай Заманбекқызына маман сертификатын тапсыру сәті ресми түрде өтіп, шара барысындаУниверситеттіңпрофессор-оқытушылар құрамы сөз алды.
«Бүгінде ешбір базалық білімсіз, қажет дағдыларды меңгерместен өзін психолог жариялап жүрген адамдар көбейіп кетті. Бұл қоғамда шын мәнінде психолог мамандарына деген сұраныстың жоғары болып тұрғанын көрсетеді. Себебі, сұраныс бар жерде оның орнын толтыруды қажет етіп отыратыны заңдылық қой. Бірақ, біз нәрсені назардан шығарып алатынымыз мені маман ретінде қынжылтады. Психологболу шын мәнінде үлкен жауапкершілікті талап етеді. Дұрыс берілмеген кеңес, адамның жеке қасиеттерін ескерместен айтылған сөз керісінше адам өміріне зиянын тигізуі мүмкін. Психолог мамандарды даярлау ісі ұзақ уақытты және терең білімді қажет етеді. Адам өмірі әсіресе оның психологиялық жағдайы немқұрайлы қарайтын шаруа емес. Оған білім мен қабілет керек. Әсіресе танымал адамдардың ешбір базалық білімсіз халық алдында белгілі бір кеңес беріп, мен психологпын деп ұрандатуына қарсымын. Сондықтан болар, мен Құралайдың үлкен дайындықтан өтіп, теориялық білім мен практикалық тәжірибені ұштастыру арқылы жеткен білім деңгейін көргенімде тәнті болдым»-дейді «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті психология және педагогика кафедрасының меңгерушісі Майра Сатыбалдина.
Құралай 1992 жылы Алматы мемлекеттік университетінің көркем-сурет және графика факультетін бітірген. Алғашқы шығармашылық қызмет жолын 1990 жылы «Азия Дауысы» ән байқауында режиссердің көмекшісі қызметінен бастады. Одан соң,
Құралай Нұрқаділова тек киім дизайнері ғана емес, сонымен қатар стилист ретінде таныла бастады.
1994 жылы өзінің авторлық «Құралай» Сән үйінің негізін қалады. Бүгінде Құралай Заманбекқызы сән әлемінде өзіндік орны қалыптасқан, өзімен аттас «Құралай» брендіменәлемге танымал болғанқазақстандық алғаш дизайнер.
Әйгерім Қожахмет