ОРТАЛЫҚ АЗИЯ БАЛАЛАР СЕМІЗДІГІ БОЙЫНША ЕКІНШІ ОРЫНДА
Қазіргі уақытта Орталық Азияда балалар семіздігінің таралуы әлем бойынша екінші орында. Бұл туралы жасөспірім балалардың тамақтануын жақсарту жөніндегі Симпозиумда айтылды.
Бүгін елордада Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Армения, Грузия және Әзербайжан Парламенті депутаттарының, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, қаржы, білім беру министрліктері өкілдері бас қосты. Симпозиум барысында балаларға арналған дұрыс тамақтану жүйесін қамтамасыз ету және оны басқаруды жақсарту үшін өзара іс-шаралар жайлы талқылап, оларды бекітетін болады.

Аймақтағы азық-түлік және тамақтану жүйесін басқару балаларды аталған ауыртпалықтан қорғай алмады, демек мемлекет балалар мен жасөспірімдердің салауатты тамақтануын қамтамасыз етуге қаражат бөлуі керек.
Аталған шараны Дүниежүзілік БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашылығы ұйымы мен азық-түлік бағдарламасының қолдауымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) ұйымдастырып отыр.