Қазақстандық энергетиктер Тбилисидегі халықаралық форумға қатысты
Тбилисиде «Гидроэнергетика. Каспий мен Орталық Азия» халықаралық форумы басталды.
Онда Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан мен өзге де елдердің энергетика саласының мемлекеттік қызметкерлері мен жеке сектор өкілдері бас қосты. Талқылаудың басты тақырыбы – ортақ жобаларды ойдағыдай жүзеге асыру үшін бизнес пен билік өкілдерінің күш-жігерін біріктіру.
Ромео Микаутадзе, Грузия экономика, тұрақты даму және энергетика министрінің орынбасары:
– Бұл іс-шараның екінші жыл қатарынан Тбилисиде өтуі кездейсоқ емес. Шетел компаниялары тарапынан, атап айтқанда, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан компанияларының қызығушылық білдіруі осы бағытта Грузия жүргізіп жатқан саясаттың дұрыс екенін көрсетеді.
Пікір 2