» » Социофобиядан өз бетінше қалай арылуға болады?

Социофобиядан өз бетінше қалай арылуға болады?

Социофобиядан өз бетінше қалай арылуға болады?
Социофобия латын тілінен «қоғамнан қорқу» деп аударылады, басқаша айтқанда адамдардан, қатынастан, көпшілік алдындағы түрлі белсенділіктен қорқу. Қандай да бір жағдайға байланысты қате пікір немесе дұрыс емес ой негативті сезім тудырады. Адам негативті сезім тудыратын жағдайлардан қаша бастайды. Бұл кезде ойды өзгерту жеткілікті, сонда негативті сезім тумайды немесе азырақ сезіледі, сонымен бірге қоғамнан қашу да төмендейді.
Социофобия неліктен туындайды? Оның кең тараған екі себебі бар. Біріншіден, ол ата-анадан беріледі. Егер ата-ананың біреуі болса да, жұртшылық арасында, сөйлесу кезінде өзін жайсыз сезінсе, бала да одан адамдардан қорқуды «үйренеді». Екіншіден, балалық шағында өте қатаң немесе керісінше, шектен тыс қамқорлық жасаған ата-анасы болған адамдар жиі социофобияға ұшырайды. Баланы әрдайым жөндеп отырады: «дұрыс айтпадың», «дұрыс қарамадың», «дұрыс жасамадың» және т.б. Сонымен қатар, оның міндетті түрде барлығына ұнау керектігін айтып, баланың миына «құйып тастайды». Ол басқа адамдардың қолдауын алуға міндетті! Ұнамаса – апат! Сондықтан ол бала өскенде де оның ішінде иррационалды қорқыныш («мені қабылдамай қойса қайтемін», «пайдасызбын») қалып қояды. Мұндай жағдайда өскен балада социофобия болмаса да, ол оның өзін-өзі бағалауына әсерін тигізбей қоймайды.
Сонымен, социофоб көпшілік арасында болуға қорқады, ол басқа адамдардың көзінше бірдеңе істеуге қорқады және ыңғайсызданады, өзіне зейін аудартқысы келмейді. Оның ойында әрдайым адамдар оған қарап, оны бағалап жатқандығы, тіпті, қатал және негативті сынап жатқындығы тұрады. Оған оның қандай да бір тұлғалық қасиетін немесе оның қандай да бір әрекетін емес, оны тұтастай бағалап жатқандай көрінеді. Сондықтан өзін жаман жағынан (өзінің ойынша) көрсетпес үшін мұндай жағдайлардан қашып жүреді.
Ереже бойынша, социофобиясы бар адамдар өздерін жағымды бағалай алмайды, өз көз алдында жақсы болып көрінгісі келсе де, өте қатты күмәнданады. Өзін-өзі бағалауды олар басқа адамдардың қолына береді, сонымен қатар олардың өте сыни қарайтындығын күтеді. Ал алдын ала ойлаудың үлкен маңызы бар. Қалай ойласақ, солай әрекет жасаймыз. Нәтижесінде, шығуы қиын жабық дөңгелек пайда болады.
Социофобтар адамдар алдында өздерін белгілі түрде ұстайды: қызарады, терлейді, тұтыға бастайды, өздерін сенімсіз ұстайды, өте баяу сөйлейді, көздерін тығады. Иә, кей социофобтар өздерін осылай ұстайды. Бірақ, кейде адамның социофобпен ауыратындығын анықтау қиынға соғады. Социофобтардың көбісі өз қоқыныштарын барынша жасырады, олардың ішкі үрейін тек жиіленген жүрек соғысы мен тыныс алуы ғана білдіреді. Ал бұл белгілер айналадағы адамдарға біліне қоймайды. Сонымен қатар, социофобтардың басқа да түрі бар: зейін оларда болған кезде өздерін тым еркін ұстайды, көп күледі, белсенді қолмен былғап сөйлейді, әндетеді, яғни, шектен тыс кетеді.  Бұл әрекетімен олар басқаларға көпшіл және компанияда өздерін суда жүзген балықтай сезінетіндіктерін дәлелдегісі келеді.
Социофобияны жасқаншақтықпен және ұялшақтықпен шатастырмау керек. Социофобия – сөйлесу жағдайынан және оның салдарынан қашуды бақылай алмайтын иррационалды қорқыныш. Социофобиямен жұртшылық пен зейіннен алыс адамдар ғана қиналмайды, ол көптеген атақты актерлердің де басынан өткен.
Өзінде социофобия белгілерін байқаған адам не істеу керек?
1. Айналасындағылардың бағасына тәуелді болмас үшін өзінің жағымды бейнесін жасау.
2. Қорқынышты жағдайлардан қашпауға тырысу. Әйтпесе, социфобоя ұлғая береді.
3. Социофобиядан құтылуды ең аздан бастау. Өз үрейіңізге аз-аздан қадам жасап, оны жайлап қиындату керек. Әр кезеңде міндетті түрде өзіңізді мақтаңыз.
4. Үрей туындаған кезде тыныштануды үйрену. Босаңсудың өз әдісін табу. Мысалы: сүйікті ән тыңдау, медитация, табиғатта сеуендеу, кітап оқу және т.б.
5. Маңызы зор ойды меңгеру қажет: сіз бәріне ұнауға міндетті емессіз! Сіз өзіңізге ұнауыңыз керек! Өзіңізге кез келген жағдайда ұнай аласыз! Адамдарда сіздің көпшілдігіңіз немесе қоғамдағы өзіңізді ұстауыңыз туралы емес, сіз туралы жалпылама пікір пайда болады. Адам – көп қырлы тұлға. Өзіңіздің мықты қабілетіңізді тауып, оны ары қарай дамытыңыз.  
23 шілде 2018 ж. 878 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 084

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031