» » Дифтерия дегеніміз не?

Дифтерия дегеніміз не?



Дифтерия – Coryne bacterium diphtheriae атты бактерия тудыратын жедел жұқпалы ауру. Ол негізінен тыныс жолдарының шырышты қабаттарын зақымдайды, ал ауыр жағдайларда жүрек, жүйке жүйесі мен бүйрекке де әсер етеді. Дифтерия – қауіпті аурулардың бірі, себебі оның асқынулары өмірге қауіптөндіруі мүмкін.
Қоздырғышы және таралу жолдарыДифтерияның қоздырғышы – токсин бөлетін бактерия. Негізгі жұғу жолдары:Ауа-тамшылы (жөтел, түшкіру кезінде), тікелей байланыс (ортақ заттар арқылы, мысалы, ойыншық, ыдыс-аяқ) ,сирек – жара арқылы (тері дифтериясы).
Белгілері: Дифтерия көбінесе жұтқыншақ пен көмейде дамиды. Негізгі белгілері: тамақтың қатты ауыруы, дене қызуының көтерілуі (38–39 °C), тамақтағы сұр түсті тығыз қабықшалар (пленка), жұтынудың қиындауы, дауыс қарлығуы немесе жоғалуы (көмей дифтериясында),жалпы әлсіздік, бас ауруы болады. Ауру ауыр формада өтсе, бактерия бөліп шығарған токсин қан арқылы тарап, жүрек, жүйке жүйесі мен бүйрекке зақым келтіреді.
Асқынулары: Дифтерияның ең қауіпті асқынулары: Миокардит (жүрек бұлшықетінің қабынуы),нерв жүйесінің зақымдануы (салдану, рефлекстердің төмендеуі), бүйрек жеткіліксіздігі, асфиксия (тыныстың бітелуі)
Диагностикасы: Дәрігер науқасты тексеріп, жұтқыншақтан алынған жағындыны зертханалық талдауға жібереді. Сонымен қатар қан талдауы арқылы да токсиннің бар-жоғын анықтайды.
Емі: Дифтерияны емдеу тек ауруханада жүргізіледі және құрамына мыналар кіреді:антидифтериялық сарысу – бактерия бөліп шығарған токсинді бейтараптандыру үшін,антибиотиктер – қоздырғышты жою үшін,симптоматикалық ем – жүрек пен жүйке жүйесін қорғауға арналған дәрілер, төсек режимі және қатаң бақылау.
Алдын алу: Дифтериядан қорғанудың ең тиімді жолы – вакцинация. БЦЖ, ДСБЖ (ДКК, АКДС, кейінгі ревакцинациялар) арқылы бала кезден бастап иммунитет қалыптастырылады. Сондай-ақ, ересектерге әр 10 жыл сайын ревакцинациядан өту ұсынылады.
Қорытынды: Дифтерия – асқынуы тез дамитын, қауіпті жұқпалы ауру. Одан қорғанудың ең сенімді жолы – дер кезінде вакцинациядан өту және ауру белгілері байқалған жағдайда медициналық көмекке жүгіну. Ерте диагноз қою және дұрыс емдеу асқынуларды болдырмауға көмектеседі.
                                                                                                                                                      ҚР ДСМ СЭБК
«Ұлттық сараптама орталығы»
ШЖҚ РМК Қызылорда облысы
бойынша филиалының Қармақшы аудандық
 бөлімшесінің бактериологиялық және паразитологиялық
зерттеулер зертханасының
зертханашысы Касбаева М.Б.
26 тамыз 2025 ж. 91 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 385
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 177

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930