» » «Дифтерия туралы не білеміз?»

«Дифтерия туралы не білеміз?»

Фото: ашық дереккөзден
Дифтерия – ол суық тиген сияқты дене қызуының көтерілуінен басталады, бас ауырады және тамақ іседі. Көмейдің артқы жағында, кейде мұрын мен ерінде сарғыш қоңыр қатпар немесе қабыршықтар пайда болады. Баланың мойны ісіп кетеді. Аузынан жағымсыз иіс шығады.
Күл ауруының көзі науқас адам. Ең жоғары эпидемиялық қауіпті мұрын, жұтқыншақ және көмей дифтериясымен ауыратын адамдар тудырады, қоздырғыш сыртқы ортаға ауа арқылы бөлінеді.Ал тері дифтериясымен ауыратын науқастардың эпидемиялық қаупі жағынан маңызы аз.
Дифтерия қоздырғышын жұқтырушылардың 5 түрін ажыратады:
– транзиторлы тасымалдаушылық (қоздырғыш сыртқы ортаға 1-7 күн бөлінеді)
– қысқа мерзімді (7-15 күн)
– орташа ұзақтық (15-30 күн)
– ұзаққа созылатын ( 6 айға дейін)
– созылмалы (6 айдан аса)
Аурудың берілу механизмі – ауа тапшылығы.
Клиникалық белгілері: Дифтерия жайылу түріне қарай жұтқыншақта, тыныс алу жүйелерінде, мұрын қуыстарында кездеседі. Сирек жағдайда, көз, жыныс мүшелері, тері жабындылары зақымдалады. Сырқат-танушылықтың ең кеңінен таралған түрі жұтқыншақ дифтериясы (тіркелген жағдайдың 95%). Аурудың бастапқы кезінде науқастың дене қызуы көтеріледі, улану белгілері ұлғаяды. Қарау кезінде бадамша бездерінде тегіс, шекарасы анық ақ жағынды пайда болады. Жағындыны алып тастау мүмкін емес. Егерде пинцетпен жағындыны алып тастау әрекетін жасаса, орнында қанаған жарақат қалады. Токсикалық түрінде дене қызуы 39,5-41°С дейін жылдам көтеріліп, организмнің улану белгілері өсіп, жөтел пайда болып, жұтқыншақтың ісінуінен науқастың тыныс алуы қиындап, дауысы жоғалады.
Асқынулар: Дифтерия таяқшасын бөлетін токсин тез арада қанға таралып, ауыр және қауіпті асқынуларға әкеліп соқтырады. Салдарынан тыныс алу жеткіліксіздігі пайда болып, өлім жағдайына алып келеді.
Дифтерияның емі:Ауырлық дәрежесіне қарамастан, ересектер мен балаларда дифтерияның барлық түрі ауруханада емделеді. Науқасқа дифтерияға қарсы сарысу тағайындалады. Сонымен қатар антибиотиктер курсы тағайындалып, нәтижесінде қоздырғыштар жойылып, улану белгілері де төмендейді.
Алдын алу шарасы: Кез келген ауруды, әсіресе осындай қауіпті дифтерия ауруын емдегенше, алдын алған оңай. Негізгі арнайы алдын алу шарасы ол – вакцинация. Вакцинация сәбидің 2 айлық (2,3.4 ай, 18 ай, 6 жас) кезінен басталады. Бұл жұқпаға қарсы вакцинация Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілген. Балаларға АбКДС және ересектерге 16 жастан бастап АДС–М вакцинасы қолданылады. Ересектерге инфекцияға қарсы иммунитетті қалыпты ұстау үшін, әрбір 10 жыл сайын қайталама вакцинация жасау қажет (16, 26, 36 жас және ары қарай).
Дифтерияға қарсы екпе жасау керек пе? Әрине, бірақ егілгендердің де сырқаттанатынын білуіміз қажет. Бірақ ауырған күнде ауру жеңіл өтіп, асқынулар туындамайды.
ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы»
ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша
филиалының Қармақшы аудандық бөлімшесінің
зертхана маманы Әлменбетова Жансая Әлменбетқызы
26 сәуір 2023 ж. 855 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031