» » Желшешек ауруының алдын алу

Желшешек ауруының алдын алу

Желшешек – вирусты этиологиялы жедел инфекциялық ауру. Көбінесі балалар ауырады, бала бақшаға баратын немесе мектеп жасындағы балалар. Желшешек ауруы бала кезінде жеңіл түрде өтеді; емізулі балаларда, үлкендерде және иммунитеті төмен адамдарда өте ауыр түрде өтеді.
Аурудың көзі – ауру науқас болып саналады. Аурудың таралу ауа-сілекей жолы арқылы таралады, вирус сөйлегенде, жөтелгенде және түшкіргенде көп мөлшерде шығады. Ауру қоршаған ортаға бөртпенің пайда болуына 2-3 күн бұрын және соңғы көпіршік пайда болғаннан кейін 5 күн қауіпті болып саналады. Осы науқасқа желшешекпен ауырмаған адамдарды қарым-қатынаста ұстауға болмайды, өйткені жұғу көзі жоғары. Сау бала науқас баламен қарым- қатынаста болған жағдайда, оларды 21 тәулікке карантинге немесе жеке ұстайды, егерде қарым- қатынас болған күнін нақты білген жағдайда, 11-ші тәуліктен бастап қатынас болған күннен 21-ші тәулікке дейін жекелендіреді.
Клиникалық белгілері:
Жасырын кезеңі орта есеппен 14 күн, бірақ кейде 21 күнге созылуы мүмкін. Бастапқы кезеңі көбінесе байқалмай өтеді. Желшешек алғашында баланың жалпы жағдайының өзгеру белгілерінен басталады: дене қызуы 38*С көтеріледі, тәбеті төмендейді, басы ауырып, ұйқысы бұзылады. Осы кезде баланың бетінде, шаштарының арасында, денесінде бөртпелер пайда болады. Бөртпелер бастапқыда макуло-папулезды 2-4 мм болса, тез арада (5-6 сағаттың ішінде) везикулаларға – іші мөлдір сұйықтыққа толы көпіршікті бөртпелерге айналады. Желшешек ауруында бөртпелер қабыршақтанып жатса, осы кезде кейбір бөртпелер жаңадан шығып жатады. Осыған байланысты аурудың жағдайының ауырлығын анықтайды.Аурудың алдын алу: ауруды анықтағаннан бастап оқшауланады, бөлменің ауасын тазартып және ылғалды тазалық жүргіземіз. Егерде отбасында біреу ауырып қалған жағдайда, міндетті түрде дәрігер шақыру керек.
Г.Төлепбергенова,
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы 
14 қаңтар 2025 ж. 324 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 796
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 526

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930