» » ҚҰЛПЫНАЙДЫ ҚАЛАЙ ТАҢДАҒАН ДҰРЫС?

ҚҰЛПЫНАЙДЫ ҚАЛАЙ ТАҢДАҒАН ДҰРЫС?

Құлпынайдың маусымы басталып, бүгінде саудасы қызып жатқаны белгілі. Көктем мен жаздың алғашқы жемісін жұртшылық таласып алғанымен, сәтсіз саудаға кез болатындар көп. Ал дәмі мен сапасы көңілден шықпай жатса, онда сатып алардан бұрын құлпынайды өз тексеруіңізден өткізіңіз. Ол үшін мына төмендегі қарапайым кеңестерді ескере жүріңіз.   Құлпынай дәрумендерге аса бай. Құрамындағы С дәруменінің мөлшері цитрус өсімдіктеріне қарағанда анағұрлым көп. Сонымен қатар минералдар мен микроэлементтері де өте көп. Айта кетсек, темір, магний, калий, кальций, цинк, марганец, фосфор, кремний, мыс, йод бар. Сол себепті құлпынай ағзаны тазартып, зәрді және терді айдайды және құрамындағы антиоксиданттар қартаю процесін тежейді. Иммунитетті күшейтіп, қан аздыққа да көмектеседі. Сонымен қатар микробқа қарсы қасиеті жоғары болғандықтан, асқазан ауруы бар адамдарға аса пайдалы. Ал темекі шегетіндер де қатерлі ісік пайда болуы ықтимал, сондықтан құлпынайды көп жеу қажет және жөтел мен өкпе аурулары кезінде құлпынайдың жапырақтарын қайнатып ішсе, тез арада жазылып кетуге болады.
Құлпынайдан шырын, тосап, джем жасайды. Алайда құлпынайдың пайдасын арттыру және ағзаға сіңімдірек болу үшін, қаймақпен немесе кілегеймен жеу қажет. Осылайша құлпынайдан десерттің түр-түрін жасауға болады. Сонымен қатар бүгінде құлпынайды хош иісі үшін парфюмерияда кеңінен қолданады.
Құрамында түрлі химикат пен нитраты жоқ құлпынайды қалай тануға болады?
1. Балғын құлпынайдың түсі алқызыл болып, жылтырап тұрады.
2. Құлпынайдың сабағынан жаңа үзілгенін алған дұрыс. Ал тоңазытқышта 48 сағаттан көп сақталынған құлпынай өзіне тән түсі мен дәмін жоғалтады.
3. Құлпынайдың сабағы барын сатып алыңыз. Мұндай құлпынай балғындығын ұзағырақ сақтайды және тез бұзылмайды.
4. Жидекті сатып аларда иіскеп көрудің де зияны жоқ. Егер шіріндінің, тыңайтқыштың,¬ зәктің иісі шығып тұрса, оған жоламай-ақ қойға¬ныңыз дұрыс. Ал иісі мүлдем жоқ болса, оның тезірек пісуі үшін дәріленген деп түсіне беріңіз. Есіңізде болсын, сапалы жидектердің табиғи жағымды иісі болады.
5. Құлпынайда қара дақтар болмауын қа¬дағалаңыз. Ол құлпынайдың бұзыла бас¬та¬ғанының белгісі.
6. Тым қарақошқыл болып кеткен құл¬пынайды алудың да қажеті жоқ. Бұл оның құрамында селитраның көптігін білдіреді.
7. Егер құлпынай химикаттардан таза болса, ол салынған ыдыстарда шырын ізі қалады.¬
8. Құлпынайды жуған соң бірер сағатқа дейін шырын бөлінбесе, оны жемей-ақ қойғаныңыз дұрыс. Ол құлпынайды қосымша дәрімен өңдеге¬нін немесе құрамында ГМО барын біл¬діреді.
9. Өте үлкен құлпынай жидектеріне қарағанда орташа және ұсақ жидектерде дәрумендер көбірек болады.
10. Құлпынайдың ашық қызыл немесе қанық қызыл түрлерін кездестіруге болады. Қорықпаңыз, ол құлпынайдың өскен жеріне, түріне байланысты болады. Соған сай әрқайсысының өзіндік дәмі мен ерекшеліктері болады.
Негізі құлпынайдың пісетін уақыты – мамырдың соңы мен маусымның басы. Одан бұрын сатылатын құлпынай жылыжайда өседі. Жалпы алғанда, елдер арасында түріктердің құл¬пынайы жақсы болады екен. Себебі түрік елінде құлпынай жыл бойы өсетіндіктен ешқандай химикат қолданбайды және оның қосылмауын қадағалап, бақылайтын арнайы мекемелер бар
05 маусым 2018 ж. 1 029 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930